Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті
2019 ж. 26 қыркүйек
1864
6
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясымен ынтымақтаса отырып Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.