Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды
2019 ж. 19 қыркүйек
2664
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», делінген құжатта.