Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді
2019 ж. 23 тамыз
2356
0
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды. Оның мәліметінше, сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.
"Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ "Жезкиік" халықаралық музыка фестиваліне барады", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.