Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты қабылдады
2019 ж. 08 тамыз
3028
1
Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 7 айдағы көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ, облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инвестициялық және индустриялық жобалардың, «Нұрлы Ертіс» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы суармалы жерлердің аумағын ұлғайту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодарда тұратын белгілі ақын Арман Қанидің "Бақауов неліктен тіл тағдырына немқұрайды қарайды?" атты мақаласы жарияланған болатын.