Ғабидолла Әбдірахымов Лондонда түсірілген видеосын түсіндірді
2019 ж. 06 тамыз
3546
0
Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің отставкасы туралы пікір білдіріп, жоспарлары туралы бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шынымда айтсам, әзірше пікір білдіремін деп ойлаған жоқ едім. Өздеріңіз көргендей, мен Instagram желісінде өзімнің ұстанымым туралы пост жазған едім. Президенттің шешімі талқыланбайды. Кез келген адамның басында болып жатқан жайт, өзінің жеке жауапкершілігі. Мен жауапты адам ретінде барлығын түсінемін. Біз саяси мемлекеттік қызметкерлерміз. Саясатта мұндай жағдайлар болып тұрады, ерекше ештеңе көріп тұрған жоқпын. Сондықтан мен өз Отанымның патриотымын. Мен Қазақстанда тұрып, елімде қызмет етемін (...) Менде бәрі жақсы", - деп жазба қалдырған Ғабидолла Әбдірахымов.
Сонымен қатар, экс-әкім өзінің Лондондағы екікүндік сапарында түсірген видео жайлы да пікірін білдірді. Ғабидолла Әбдірахымов Лондондағы сапары: Қазақстанда тұрып, елге қызмет ету керек.
"Жаңа әкімді тағайындаған кезде Әкімшілік жетекшісі бәрін, басшылық ұстанымы екенін айтты. Шыны керек, ол (видео) Отанынан жырақ кетпеу үшін жастарды ынталандыру мақсатында түсірілген еді. Қазақстанда әлемді аралау үшін барлық жағдай жасалған. Біздің елде кәсіппен айналысып, әкімдерден де көп қаражат табуға болады. Сондай шешім қабылданғаннан кейін, мен оны талқыламаймын. Біз басшылықтың шешімін талқыламайтын сарбазбыз", - дейді экс-басшы.
Сондай-ақ Ғабидолла Әбдірахымов болашақ жоспарлары туралы кейінірек бөлісетінін айтты.
"Әзірше құпия ретінде сақтай тұруға рұқсат етіңіздер. Уақыты келгенде барлығын білетін боласыздар", - дейді Ғабидолла Әбдірахымов.
"Әрине елімізде болып жатқан жағдайларға бей-жай қарай алмаймын. Мен өз ұстанымымды білдіріп, өз жұмыстарымды бөлісіп отырамын. Ешқайда жасырынып немесе қашып кететін ойым жоқ. Мен қылмыскер емеспін. Мен - Отанымның адал азаматымын. 20 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Осы үшін еліміз бен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысым шексіз. Менің ойымша, бұл маған артылған зор сенім. Мен тек жағымды эмоцияларға толымын, менде бәрі жақсы", - дейді жазбасында экс-әкім.
Сонымен қатар экс-басшы мемлекеттік қызмет туралы да ойын айтты.
"Жоқ, мен мемлекеттік қызметті сағынатын боламын деп айта алмаймын. Бұл да бір кезең болды, енді жаңа кезең басталады, бұл қалыпты жағдай ғой. Өмір жұмыспен шектеліп қалмайды. Тоқтап қалуға болмайды. Алға қарай жылжып, жақындарыма, қоғамға пайдалы іспен айналысу керек. Мемлкеттік қызметте жұмыс істемей-ақ қоғамға көмектесуге болады. Менің ойымша кәсіпкерлер қоғамға белсене көмектесіп жатыр: олар салық төлейді, жақсылық жасап, зауыт-фабрикалар салып жатыр", - дейді Ғабидолла Әбдірахымов.
Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, ол Нұр-Сұлтан қаласында тұратын болады.
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы әкімінің қызметінен босатылды. Оның орнына Ерлан Айтаханов келді. Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев бұл шешімді Әбдірахымовтың "ел басшылығының қолдауы мен сенімін алған, бірақ оны жеткілікті дәрежеде жүзеге асырмағандығымен" түсіндірді.