Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
2019 ж. 12 шілде
2305
0
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының Қырғызстанда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» атты министрлер конференциясына және Словакияда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесіне қатысқаны жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін айтты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.