Әлихан Байменов «Enterprise Singapore» басшысымен кездесті
2019 ж. 09 шілде
2808
0
Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет Төрағасы Әлихан Байменов пен Сингапрудың мемлекеттік агенттігі - «Enterprise Singapore» төрағасы, Сингапурдың мемлекеттік қызмет комиссиясының бұрынғы басшысы Питер Онг Бун Кви мемлекеттік қызмет даму трендттерін және ынтымақтастық перспективаларын талқылады, - деп хабарлайды baq.kz.
Әлихан Байменов аймақ елдері мемлекеттік қызмет саласындағы озық халықаралық тәжірибені, оның ішінде Сингапурдың тәжірибесін зерттеуге мүдделі екенін атап өтті. Хабтың күн тәртібі қатысушы елдердің қажеттіліктеріне негізделеді. Мемлекеттік қызметтегі сенім, құндылықтар, этика және жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік басқарудағы инновациялар тақырыбы өзекті екендігі атап өтілді.
Онг мырза Хабпен құрылған «тең теңімен» қағидаты бойынша жұмыс істей практиктер Альянсы аясында басқарудағы трансформация және инновация тақырыбының маңыздылығын атап өтіп, Хабтың әлеуетті нығайту жөніндегі бастамаларын жоғары бағалады.
«Цифландыру қоғамға тиімді қызмет етуге көмектеседі. Қолжетімді мемлекеттік қызметтер, азаматтардың үкімет істеріне үн қатуы бюрократияны азайтады. Бұл - мемлекеттік басқарудағы революция», - деп атап өтті Питер Онг.
Тараптар ынтымақтастықтың нақты қадамдарын талқылады.
Кездесу Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Вэнг Тат Хуэй мырзаның қатысуымен өтті.
«Enterprise Singapore» негізгі миссиясы кәсіпорындарды қолдау, жаһандық нарыққа қол жеткізу, жұмыс орындарын құру.