Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
2019 ж. 25 маусым
3120
0
Ақтөбе қаласының әкімі болып Мавр Абдуллин тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ҚР президенті әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Мавр Абдуллин келді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
"Қалада тұрғын үймен қамту, көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайына оң ықпал ету, экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарымен ауызбіршілікте жұмыс жасайды деп сенемін, жаңа әкім осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет", - деді Оразалин.