Пара алған қызметкері үшін басшысы жауап береді: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады
2019 ж. 19 маусым
2348
0
Парламент мәжілісінің депутаттары басшыларға қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапкершілік артатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz.
Заң жобасы парламенттің жоғарғы палатасы – сенаттың қарауына жіберіледі.
Басшылардың жауапкершілігі туралы норма «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған.
«Түзетулер қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртібін, жауапкершілігін арттыруға бағыттаған», - деді халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Михаил Чирков.
Ол заңды қабылдау арқылы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, ұтқырлыққа және кадрларды іріктеу жүйесін жетілдіруге әсер ететінін айтты. Заң жобасына сәйкес, мемлекеттік қызметтен теріс емес себептермен босатылғандар бір ай ішінде тестілеуден өтпей байқауға қатыса алады.
Сондай-ақ, саяси мемлекеттік қызметшілерді алмастыру институтына енгізу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерін сәйкестендіру карталарымен ауыстыру қарастырылған.
Осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдар басшылары қарамағындағылар сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталса отставкаға кетуі керек деген болатын.
Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінен кейін сыбайлас жемқорлық фактісімен күдіктелген орынбасары үшін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы қызметінен босатқан болатын.