Тоқаев Бас прокурорға: Наразылық орнында кездейсоқ болған тұлғаларды босату керек
2019 ж. 13 маусым
2234
0
Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заң мен құқық тәртібінің сақталуы жөнінде ақпарат берілді, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде тез арада шаралар қабылдауды тапсырды.
– Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.