Қазақстан Президенті Түркияның Сыртқы істер министрін қабылдады
2019 ж. 27 мамыр
2052
0
Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
– Тарихи тамыры терең қатынастарымыз өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты. Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде. Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
М.Чавушоглу Қазақстан Президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.