Елордада Темірбек Жүргеновті еске алу кеші өтті
2019 ж. 17 мамыр
3186
0
Елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиетші, журналист.саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновке арналған «Ұлт рухын қайта түлеткен қайраткер» атты еске алу кеші болып өтті.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау жөнінде айтылған болатын. Осыған орай аталмыш іс-шарада Темірбек Жүргеновтың қайраткерлік еңбегі мен елге жасаған қызметіне шығармашылық шолу жасау арқылы кеңінен насихаттау.
Т.Жүргенов - Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі болды. Ол Қазақстанда бірнеше оқу орындарын құрып және оны салдыртқан. Атап айтатын болсақ, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акдемиялық опера және балет театры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университет бар. Ол сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша 18 мектеп ал, жалпы Қазақстан бойынша 400 мектеп салдырған.
Іс-шараға Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік, Мырзакелді Кемел, Сауытбек Абдрахманов, Әбдіжәлел Бәкір,Камал Әлпейісова, Қуаныш Жиенбай, Бауыржан Иманғалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Нұртөре Жүсіп және т.б. қатысты.