Ержанның анасы "Голос. Дети" финалына қатысты пікір білдірді
2019 ж. 29 сәуір
3657
2
Қазақстандық әнші Ержан Максимнің анасы Гүлмира Әлібек баласының "Голос. Дети" жобасында жеңбегеніне көңілі түсіп, ренжігенін айтты. Дегенмен, отбасының дау-дамай шыққан шоуға наразылығы жоқ, - деп жазды sputniknews.kz.
"Байқаудың нәтижесіне қатысты ештеңе айтқымыз келмейді. Дауыс беру өтті, жағдайды ушықтырғымыз келмейді. Ержан жеңіске жетпегеніне, Adagio әнін сәл дұрыс айта алмағанына ренжіді", - деді Ержанның анасы "Комсомольская правда" басылымына.
"Голос. Дети" байқауының басқа қорытындысына отбасы дайын ба деген сұраққа Гүлмира Әлібек "наразылығымыз жоқ" деп жауап берді.
"Мен ешқандай түсініктеме бергім келмейді. Кешіріңіздер. Біздің ешбір наразылығымыз жоқ", - деді ол.
Атап өтейік, Голос. Дети" жобасында ресейлік әнші Алсу мен танымал бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова жеңімпаз атала салысымен, жанжал шықты.
Светлана Лобода тәлімгерлік еткен Абрамова дауыстың 56,5%-ін жинап, Валерий Меладзенің командасындағы Ержан Максим мен Пелагеяның шәкірті Валерий Кузаковты артқа тастады. Микелла Абрамова жеңіске жеткені үшін бір миллион рубль мен алғашқы әнін жаздыруға сертификат алды.
Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді.