ҚАЗАҚ ЕЛІ – ҚАРАШАҢЫРАҚ
2019 ж. 18 сәуір
3177
0
Өзбек – өз ағам
Өзбектер қазақ жеріне ежелден-ақ қоныстанған. Өзбектер тұтас тұрып жатқан дәстүрлі аймақ қазіргі Түркістан облысы. Этнос өкілдерінің көптеген тобы сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұрады. Дәстүрлі айналысатын кәсібі – диқаншылық, малшылық, құрылыс және сауда.
2006 жылы Өзбек мәдени орталығы құрылды. Оның қызметі мәдени-ағартушылық жұмыстарға, өзбек жастарын өз халқының салт-дәстүріне тартуға, ана тілін үйретуге бағытталған. Этномәдени бірлестіктің белсенділері республикалық мерекелерге белсенді қатысады. Ондай шаралар қазақстандық өзбектердің экономикада, мәдениетте, Қазақ елінде тұрып жатқан басқа да халықтармен достықта қол жеткізген жетістіктерінің өзіндік байқауы іспетті. Өзбек халқының мәдениеті көпқырлы және ерекше. Бір де бір мереке арқанмен жүрушілерсіз өтпейді. Суран мен өзбек барабандарының үні концертке, шын мәнінде шығыс колоритін үстейді. Өзбектер өздерінің палуандарымен әйгілі болды. Өзбек музыкалық мәдениетінде дастандардың – лирикалың-ерлік мазмұндағы эпикалык, баяндардың алатын орны ерекше. Қазақстанда отыздай өзбек балабақшасы бар, оларда 2000-нан астам бала тәрбиеленеді. Өзбек тілінде оқытатын жүз елу мектеп жұмыс істейді. Өзбек тілінде оқытатын мектептер қазақ және орыс мектептерінен айтарлықтай көп. О бастан-ақ мектептерге оқулықтар, негізінен, Ташкенттен келетін, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өзбек тіліндегі жаңа оқулықтар шығару туралы шешім қабылдады.
Қазақстанның өзбек диаспорасы ана тілін оқуға және өздерінің этникалық ерекшеліктері мен мәдениетін сақтауға белсенді түрде ұмтылыс танытып отырады. Мұны Шымкентте өзбек театрының ашылуы, мерзімді басылымдары таралымының өсуі, түрлі мәдени-бұқаралық шараларға өзбек мәдени орталығының белсенді қатысуы растайды. Мұнан бөлек қазақ телевизиясы мен радиосында өзбек тілінде хабарлар беріледі. Театрды, газеттерді, радио мен телехабарларды қаржыландыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мәдениет, ғылым қайраткерлерімен, кәсіпкерлерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.
Украин этносы
Қазақ еліндегі украин этносы үш жүз мыңнан астам адамды қамтиды. Қазақ жеріне алғашқы украиндар XIX ғ. келді. Украин қоныс аударушылары Қазақстан жеріне көбінесе сталиндік репрессия кезінде, тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында келді.
Украин этносының өкілдері, негізінен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда басымырақ қоныстанған. Бүгінде украин қауымдастығының ұлттың-мәдени жаңару үдерісі жүзеге асуда. Тіл мен дәстүрлерді оқып-білу жолға қойылған. Жиырмадан астам облыстық және қалалық украин этномәдени бірлестігі жемісті жұмыс істеуде, Қазақстанның Украинамен ынтымақтастығы белсенді дамуда, екі жүз елуден аса бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде.
Еліміздің он бір қаласында Украинаның сенбілік және жексенбілік мектептері жұмыс істейді.
Украин этномәдени бірлестіктерінің жанында вокалды және би ансамбльдері, хор және басқа да шығармашылық ұжымдары қызмет атқарады. Олар тұрақты түрде Қазақстан Үкіметінен қаржылай қолдау алып отырады.
Қазақстандағы украин қоғамдық ұйымдарын «Украинці Казахстану» қауымдастығы біріктіреді. Қостанай және Павлодар облыстарының өңірлерінде жергілікті биліктер украин тілінде тақырыптық радио және телехабарлар жүргізуге жәрдем көрсетуде. Қазақстан этникалық украин бірлестіктері өңірлердің мәдени өміріне қатысуда, өздерінің дәстүрлерімен және басқа да этностар өкілдерінің мәдениетімен танысуға жәрдемдеседі. Украинаның жалпы мемлекеттік шараларын өткізуге белсенді түрде тартылуда. Мысалы, Қазақстанда Украин жылын, Украинаның Тәуелсіздігі күнін, Украинаның Конституциясын, Украинадағы Голодомордың 75 жылдығын, Киев орыстары крещениесінің 1020 жылдығын, «Сөнбейтін шырағдан» халықаралық акциясын, Чернобыль атом электро-стансасында болған апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға құрмет көрсетуге, Шевченко күнін тойлауға, «Әлемдегі украиндар» мұражайын құруға және «Бүкіләлемдік украин некрополі» жобасын жүзеге асыруға қатысты. Жыл сайын қазақстандық қауымға Украинадағы жоғары оқу орындарында оқу үшін жиырма бес мемлекеттік стипендия беріліп тұрады. Қазақстан мен Украинаны мына жағдай да байланыстырады: Қазақ жерінде он бір жыл бойы белгілі жазушы Тарас Шевченко айдауда болды. Маңғыстау облысы елді мекендерінің бірінде, яғни Шевченко тұрған және өзінің шығармаларын жазған үйде оның атында мұражай ашылған. Барлық ңалаларда дерлік оның атында көшелер бар, Шевченко оқулары өткізіліп тұрады, Ақтауда Кобзарьға орнатылған әлемдегі ең үлкен ескерткіш тұрғызылған. 2012 жылы Киевте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевқа ескерткіш ашылды. Ал Тарас Шевченконың туғанына 200 жыл толуына орай бұрынғы Астанада, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында осынау ұлы ақынға ескерткіш орнатылды.
Ұйғыр ағайындар
Елімізде екі жүз қырық мыңнан астам ұйғыр бар. Ұйғыр этносының өкілдері Қазақстан аумағына 1860-1880 жылдары Қытайда болған ұйғыр
көтерілісі талқандалғаннан кейін қоныстана бастады. 1960 және 1970 жылдары СССР мен ҚХР арасындағы шекара ашық болған кезеңде Қазақ ССР-іне қоныс аударушылардың екі толқыны келді. Олар, негізінен, Алматы және Талдықорған облыстарына орнығып қалды. Ұйғырлар қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген. Осының арқасында ұйғыр этносының өкілдері өнер мен қолөнершілікте кеңірек көрінеді. Ауылдық аудандарда тұратын ұйғырлардың көпшілігі дәстүрлі түрде саудамен, егіншілікпен, малшылықпен айналысады.
«Қазақстан ұйғырларының республикалың мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйғыр мәдениетінің дәстүрі мен тілін сақтау және тарату орталығы болып табылады. Орталық жанынан барлық бағыттар бойынша ғалымдарды, ақсақалдарды, шығармашылық иелерін, әйелдерді, дәрігерлерді, суретшілерді; жастармен жұмыс, аналитикалық жұмыс, спорт, білім, «Машрап» («Мәдени мұра») кеңесі аясында мәдени мұраларды сақтау және патриоттык, тәрбие бойынша он бір кеңес құрылған. Республикалық орталықтың Қазақстанның тоғыз облысында өз филиалдары бар. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану институты жанында ұйғыртану және ұйғыр жазушыларының бөлімшесі жұмыс істейді. Ұлттық бұқара-медиа ұйғыр этносының өкілдері шоғырлана орналасқан жерлерде жинақталған. Алматы мен Алматы облысында үйғыр тілінде он бір БАҚ шығып тұрады. Қазақ радиосында апта сайын хабар тарататын редакция жұмыс істейді. Болашақ ұрпақтың бойындағы ұлттық сана-сезімді тәрбиелеудегі маңызды элементтердің бірі – тіл мектептері. Республикада он төрт мектеп балаларды ұйғыр тілінде оқытады, елу мектепте ұйғыр тілінде оқытатын сыныптар бар. Олардың он сегізі жерсеріктері арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне қосылған.
Бүгінгі диаспора түрлі ұлтаралық, мәдени-бұқаралық шараларға белсенді қатысады. Қазақстан бойынша мерекелер өткізілетін жерлерде шығармашылық және көркемөнер ұжымдарының қатысуымен концерттер, театрландырылған шоу, веложорықтар, конкурстар, спорт жарыстары, викториналар, ағаш отырғызу, мерекелік жәрмеңкелер ұйымд астырылады.
Үйғыр халқы монументалды діни сәулет өнері, музыкалық және әдеби шығармалар, бейнелеу өнері, әсіресе, миниатюралық кескіндеме сынды бай әрі өзіндік мәдениетке ие. Бұл Құддыс Қажамяров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрын қүруға негіз болды. Ол ұйғыр халқының әлемдегі тұңғыш және жалғыз кәсіби театры. Мұнда төрт труппа: драмалық, «Но-ва» фольклорлық тобы, «Яшлык» эстрада тобы мен балет труппасы жұмыс істейді.
Татарым – қатарым
Қазақстанда екі жүз елу мыңға жуық татар тұрады. Алғашқы татар қоныс аударушылардың едәуір толқыны Қазақстан жеріне сонау 1552 жылы,
ал ерікті қоныстанушылар Қазақстанға XX ғасыр басында келді. Татар этносының өкілдері Қазақстанның барлық облысында теңдей орналақан.
Татар этносының бүгінгі күнгі өкілдері еліміздің ғылым мен мәдениет сияқты барлық салаларында істейді, әсіресе, саудада, тау-кен өндірісі индустриясы мен коммерциялық медицинада басымырақ. Ауылды жерлерде мал өсірумен және диқаншылықпен айналысады. Қазақстан татарларының ең ірі ұлттық бірлестігі – «Идеал» татар жөне татар-башқұрт қоғамдық және этномәдени орталықтары қауымдастығы. Ол он сегіз этномәдени орталықты біріктіреді. Қауымдастық татар мәдениетін сақтау мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырады, жыл сайын Семей мен Өскеменде «Ертіс әуендері» музыкалық фестивалін өткізіп тұрады. Жыл сайын маусым-шілдеде республиканың барлық облыстарында ең әдемі және жарқын ұлттық мерекенің бірі – Сабантой тойланады. Онда татарларға тән қонақжайлылық, өмірге құштарлық пен оптимизм сияқты қасиеттер үндесіп жатады. Ашық-жарқын мінезділік, жаппай жұмылушылық пен қолжетімділік барлық жастарды, әлеуметтік топтар мен ұлттарды құрайтын адамдарды мерекеге еріксіз тартады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Петропавл, Өскемендегі этномәдени орталықтарында татар тілін оқытатын жексенбілік мектептер мен сыныптар ашылған. Татар тіліндегі бағдарламалар үшін мемлекет радио мен телеэфирлерден арнайы уақыт бөліп отыр. Оралда Ғабдолла Тоқай орталығы құрылды, Татар Республикасының қолдауымен ақынның мұражайы ашылды.
Татарлардың қоғамдың өмірін белсендіруге Ресей Федерациясында Қазақстан жылының және Қазақстанда Ресей жылының өткізілуі серпін берді.