Әбдіжаппар Әлқожа: Ата-бабаларымыз «Әй, қазақтан қыз алмаңдар» деп үйреткен
2019 ж. 18 сәуір
17077
42
Танымал отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа қожалар туралы айтқан даулы пікіріне қатысты түсініктеме берді. «Абайсыз айтылған сөзім болса мені кешіріңіздер» деген әнші атышулы пікірді отандық бағдарламаның біріне берген сұхбаты барысында айтқанын тілге тиек етті.
Бұл туралы ол «Түнгі студия» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.
– Ол жерде сұрақ менің руым жайлы, ата-бабам жайлы болды. Сосын «қандарың бұзылды ма?» деді. Біздің аталарымыз молда болғаннан кейін, қожа ғой енді, ишандар. Мен соларды айтып келдім. «Ондайлар қазір жоқ па?» деген кезде, оған да жауап бердім. Ондайлар қазір жоқ. Таза ишан болмайды. Таза қожалардың өзі ішінде бөлінеді. Ішінен бір-бірінен қыз алады. Жеті атасына қарайды. Сонда ғана қожа қожадан болып, шешісі қылауыз қожа, әкесі қорасан қожа деген секілді қожалардың өзі бөлінеді. Тура солай үзілмесе онда ишандар болады. Пайғамбардың жазбасында солай келген. Бізге ата-бабаларымыз үйреткен солай. «Әй, қазақтан қыз алмаңдар, қазаққа қыз бермеңдер» деп үйреткеннен кейін бізде қалыптасып қалған қағида қожаларда. Енді бұзылды деген сөзім сол жерде айтылды. Мысалы, менің атамның өзі кіші жүздің қызын алған. Менің өзім де, әпкем де… Қазақ боп кеткенбіз ғой, Аллаға сансыз шүкір, – деді әнші сұхбат барысында.