Астанада Қаныш Сәтбаевты еске алу кеш өтті
2019 ж. 16 сәуір
2560
0
Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Дала данышпаны» атты еске алу кеші болып өтті.
Кеш барысында қонақтарға қазақтан шыққан тұңғыш геолог ғалымның қызметтік жолдары жайында естеліктер айтылып, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылады.
– Ағамыздың мерейтойына бүгін жиналып отырмыз. Ол кісіге қатысты мен бір нәрсені айтайын. Қаныш Сәтбаевтың қызы Мәскеу қаласындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық академиясына оқуға түседі. Бұл университеттің білімі деген өте мықты болатын. Талап жоғары болғаннан кейін жыл сайын үш адамға ғана орын береді екен. Академияның оқуын бітіре алмай, талай шығып кеткендер болды. Ал, мен өзім куә болдым. Қарындасымыз сабағын жақсы оқыды, – деді шара аясында экономика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Сайлау Батырашұлы.
Іс-шараға Мырзагелді Кемел, Сайлау Батырашұлы, Жамбыл Артықбаев, Тұрсын Жұртбай, Баяқытжан Тобаяқов және т.б. қатысты.