Гауһар Әлімбекова ақталып шықты
2019 ж. 11 сәуір
2919
0
Алаяқтық ісі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова ақталып шықты.
Әншінің ісіне қатысты бүгінгі апелляциялық сотта судья ақтау туралы шешім шығарды. «Әлімбекованың айыбы дәлелденбеді, оның алты жылға берілген шешімі өзгертілсін. Ақталсын», — деді судья.
Бұған дейін осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан болатын. Ал Әлімбекова өзіне жала жабылғанын мәлім еткен.
Дереккөз: Tengrinews.kz