Грузин этномәдени бірлестігінің өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруде

«Грузин этномәдени бірлестігі ҚБ» Алматы қаласында тұрып жатқан грузин диаспорасын біріктіру үшін құрылған. Сол кездегі Алматы қаласындағы грузин диаспорасының ұзын саны шамамен 200-дей отбасы еді. Алғашқы меңгерушісі республикада атақты болған дәрігер-онколог Нина Чичуа болды. Кейін оны Тимур Гоголадзе мен Ба-дри Баканидзе,Тариэл Гахария басқарды.

Қазіргі таңда бірлестік мүшелерінің қатарында халықтың түрлі топтарының өкілдері бар. Олар кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер мен жастар.

Бірлестіктің белсенді мүшелері ұлтаралық келсім мен татулықты нығайтуға арналған және барша қазақстандықтарды грузин халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруға арналған түрлі іс-шараларды сәттілікпен өткізіп келеді.

Грузин этномәдени бірлестігінде түрлі ұлттардан шыққан бозбалалар мен бойжеткендерді біріктіріп отырған «Тбилиси» атты би және ән ансамблі қызмет етеді. Сонымен бірге орталықта ұлты мен жасына қарамастан түрлі халық өкілдерінің, оның ішінде грузиндер мен қазақтардың, ингуштардың грузин халқының тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін үйреніп жүрген жексенбілік мектеп те бар.

Ал «Достық» үйінің қарамағында мемлекеттік тілдің курстары жұміс істейді. Бұл курстарға грузин ұлтының өкілдерімен бірге қаладағы басқа да этномэдени бірлестіктердің өкілдері де куана-қуана барып жүр.

Грузин этномәдени бірлестігінің жастар қанаты әруақытта болып тұратын барлық салтанатты әрі мәдени іс-шараларға белсене қатысып тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясының маңындағы «Жарасым» жастар ұйымы қызметінің аясында ортақ флэшмобтар мен концерттер өткізіліп келеді.

Этномәдени бірлестік Алматы қаласы билігінің атқарушы органдарымен бірге көші-қон саясаты мен Қазақстан аумағында жүрген Грузия азаматтарының және Қазақстан азаматтығын алған грузиндердің құқығын қорғау жұмыстарын да атқарады.

qazaquni.kz