Ұлттық академиялық кітапханада балалар үшін Наурыз мерекесі ұйымдастырылды
2019 ж. 19 наурыз
2645
0
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Наурыз мерекесін жаңа үлгіде атап өту керек екені жөнінде өз ұсынысын жолдағаны белгілі.
«Наурызды тойлау арқылы біз бар жақсылығымызды, шарапатымызды бүлдіршіндерге арнауымыз керек» деген болатын министр.
Осыған орай мерекені Ұлттық академиялық ұжымы 14 наурыз Көрісу күнінен бастап, кішкентай бүлдіршіндер үшін «Кел, Әз Наурыз ортамызға» атты арнайы Наурыз мейрамын да өткізді. Мерекелік шараға №50 мектеп-лицей оқушылары қатысты. Іс-шара Балалар кітапханасында аталып өтті.
Наурыз мерекесі балалар үшін өте әсерлі өтті. Сондай-ақ, министрдің идеясына сәйкес мереке балалардың есінде қалатындай етіп жасалды. Бұған себеп, балалардың наурыз жырларын жатқа оқып, салт-дәстүлерге қатысты байқауларға қатысып, жент, талқан, балқаймақ, кілегей, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік және т.б. ұлттық тағамдардың жасалуы жөнінде өз білімдерін көрсетуі болды. Сондай-ақ, мереке соңында жеңімпаздарға сыйлық табыс етілді.
Наурыз мейірімділік мерекесі. Кітапханаға келген балалар ең алдымен осы жылулықты сезінеді. Олай дейтін себебіміз, Балалар кітапханасы күнделікті өмірдемолар үшін рухани өмірдің орталығына айналды. Кітапхананың ашылғанына бір жыл ғана болса да, келушілер саны толастаған емес. 5-15 жас аралғындағы оқырман балалар үшін он мыңнан аса отандық және шетел әдебиеті мен көркем шығармалар, газет-журналдар мен электронды оқулықтар қойылды. Оның сыртында балалардың зейіні мен білімін дамыту үшін зияткелік топтар мен рухани бөлімдер жұмыс жасайды.