Шымкентте Наурыз мерекесі аясында өтетін іс-шаралар бағдарламасы жарияланды

Шырайлы Шымкентте Наурыз мерекесін тойлау мақсатында бірқатар іргелі іс-шаралар өтеді. "Қазақ үні" ақпарат агенттігі Шымқаладағы мәдени шаралардың тізімін ұсынады. 15 наурыз-15 сәуір Қазақстандық суретшілердің «Ұлы дала хикаялары» атты заманауи өнер туындыларының жылжымалы көрмесі. Облыстық бейнелеу өнері музейі 18 наурыз «Наурыз керуен» іс-шарасы (белгіленген бағыт бойынша) Сағат 11:00-15:00 21 наурыз 1. «Қошқар ата сейілі» көктем фестивалі. Қошқар ата өзенінің бастауы. Сағат 11:00-15:00 2. «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі (Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай) Орыс драма театры. Сағат 15:00-де 22 наурыз 1. Мерекелік концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, көпшілік серуендер Орталық, Абай, Жеңіс, Наурыз (Сайрам тұрғын алабы) саябақтары 2. Ұлттық ат спорты жарыстары Орталық ипподром. Сағат 10:00-14:00 3. «Наурыз көктем – Шымқала!» мерекелік іс-шарасы Наурыз алаңы. Сағат 12:00 – 15:00 4. Мерекелік концерттік бағдарлама Наурыз алаңы. Сағат 18:00 – 21:30 5. Мерекелік отшашу Наурыз алаңы. Сағат 21:30 23-24 наурыз «Ashyq Aspan» аэронавтика фестивалі Орталық ипподром, Сағат 10:00 – 12:30, 18:00 – 20:30