Астанада Көрісу күніне орай мерекелік шара өтті
2019 ж. 14 наурыз
3098
0
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақтың салт – дәстүрлері ұлттық құндылық» тақырыбында Көрісу мерекесіне орай ұйымдастырылған арнайы іс-шара болып өтті.
14 наурызда ежелгі дәуірден бастап қазақтар үшін жаңа жыл басталды. Жылдың басында жер-дүние жаңарады. Адамдар бір-бірімен кездескен кезде, бір-бірлерінің қолын алып, құттықтап, жылдың сәтті аяқталуымен құттықтайды.
- Келіп жеткен жаңа жыл құтты болсын! Әлемде Наурызды 21-і күні тойлайды. Ал біз 22-сі күні тойлаймыз. Бір күні Өзбекәлі Жәнібек аға екеуміз отырып, қаулы шығару үшін әңгімелестік. Сөйтіп, 22 наурызда жаңа жылымызды тойлау керек екенін ақылдасқан едік. Біз шағын ғана ел емеспіз ғой. Біз Ұлы даламыз. Қазақ даласында көктем оңтүстіктен басталып, содан Арқаға келіп аяқталсын деген ойымыз болатын, – деді шара барысында филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбеков.
- Наурыз мерекесінің халықаралық деңгейде тойлануы үшін ЮНЕСКО көлемінде аталынғанын білеміз. Бұл мейрамның Ұлттық академиялық кітапханада бастау алуы – шынымен де қуантады. Біздің рухани өміріміз, арғы-бергі тарихымыздың бәрі ктап бетінде тұрады. Наурыз әдеби, тарихи сипатқа ие болды. Шын мәнінде амал мерекесін тойлау үшін бабаларымз бізге жақсы із қалдырған, - деді профессор Рақымжан Тұрысбек.
Іс-шараның мақсаты – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын қолдау аясында жүзеге асыру.
Мерекелік жиын барысында қазақтың «Ашамайға отырғызу» дәстүрінің театрландырылған көрінісі көрсетілді.
Мерекелік іс-шараға Оразкүл Асанғазы, Көпен Әмірбек, Қонысбай Әбілов, Рахымжан Тұрысбек, Шерубай Құрманбай, Жанат Әскербекқызы, Бақытжан Тобаяқов, Оңайгүл Тұржан, Дәулеткерей Кәпұлы және т.б. қатысты.