Мейрамбек Беспаев Роза Рымбаеваның өзіне қатысты пікіріне жауап берді
2018 ж. 24 желтоқсан
7201
2
Танымал қазақстандық әнші Мейрамбек Беспаев өзіне «даусы жоқ» деп баға берген Роза Рымбаеваның пікіріне қатысты жауап берді. Қазақстанның Халық әртісі Роза Қуанышқызының отандық бағдарламаға берген сұхбаты оқырман арасында қызу талқыға түсуде. Көпшілік Беспаевты «даусы жоқ» деп атағаны үшін әншінің өзін сынап, пікір қалдыруда, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.
“Ардақты достар, алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағамды көтерем деп, менің әпкем – қазақтың біртуар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік!” – деп пікірін білдірді Беспаев Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, отандық бағдарламаның біріне сұхбат берген Роза Рымбаева Мейрамбектің асқан даусы болмаса да, оны бүкіл халық жақсы көретінін, өзі де жақсы көріп тыңдайтынын айтқан болатын.