Өмірзақ Ақжігіт: Бердалы «қазақтар некесіз өмір сүрген» деп әйгілі болмақшы ма?
2018 ж. 19 қараша
5240
0
Қарашаның 2-күні Бердалы Оспан 365.инфо.кз сайтында жарияланған қазақтың «ұрын бару» салты жайлы мақаласын фейсбукке салды. Оқып көріп, таң қалдық. Сөзіміз жалаң болмас үшін үзіндіні ұзақтау етіп беруге мәжбүрміз, бірақ, орысша айтсақ «оно стоит того»...
«Как жених встречался с невестой — традиция Ұрын бару
В старину у казахов между сватовством и свадьбой жених должен был навестить невесту. Такие визиты назывались Ұрын бару (тайные визиты)
Как понравиться тестю
Ұрын бару не считается зазорным после проведения обряда Өлі-тірі (жертвоприношение животного — обычно барана, который приносили родственники со стороны жениха). Считалось, что таким образом получалось разрешение от предков-аруахов и расценивалось как священный акт.
В этот период позволялись негласные внебрачные отношения (осы жерде және ары қарай қарайтып курсивке алған - біз. Ө.А.) жениха и невесты, насыщенные своеобразными нюансами этикета. По этому поводу есть даже пословица: «Өлі-тірі келген соң, өлі күйеу жатпайды» — «Разве жених мертвый, что он не может прийти, когда дал животное на заклание?»
Но добрачный визит жениха к невесте был строго запрещен до тех пор, пока отец невесты не будет удовлетворен дарами жениха.
В противном случае, как писал казахский просветитель Ибрай Алтынсарин, «…накажут штрафом, а то и запросто камчой, если попадется в руки». Если жених осмеливался навестить аул невесты раньше положенного времени, его наказывали братья девушки.
Двусмысленность обычая
Как пишет ученый Г. Меирманова, между посещениями должно было пройти не более 40 и не менее 7 дней.
Если жених не совершал добрачных визитов, его избивали девушки из его же рода, тем самым призывая к исполнению своих обязанностей
Встреча будущих молодоженов происходила по-разному. В первый приезд в аул невесты жених должен был отправить сначала своих друзей и коня, к поводьям которого могла прикасаться только сестра или ближайшая родственница нареченной.
За привязь коня жениха она получала подарки — атбайлар. Ибрай Алтынсарин отмечал, что в ауле невесты, чаще всего на окраине, для жениха и его свиты ставили юрту и организовывали пирушку — Ұрын той.
При случайных встречах со старшими родственниками невесты жених должен был прятаться или убегать в сторону. Это объясняется двусмысленностью обычая: официальное разрешение(?) на общение молодых отсутствует, при этом все всё знают, но делают вид, что ничего не замечают».
Өз көзімізге өзіміз сенбей авторға хабарласып, оның «Адырна» ұлттық порталына сол, 2-қараша күні салған қазақша мәтінін алып оқыдық. Орысшасында қайта-қайта «добрачный» деп жазып отырған автор қазақшада «некелеспей» деп ашық жазбапты. Неге айқайлатып, қайта-қайта айтып, ашық жазбады екен?.. Оның орнына «бұл осы салттың жастардың жүздесуіне ресми рұқсаттың болмағынының белгісі» деп, жұқалап қана кетіпті. Ал, «Адырнада» «...Мұхтар Әуезұлы(?) «Абай жолы» шығармасында қазақ халқының осы бір «Ұрын бару» деп аталатын айшықты салтын суреттеуге тоғыз бет арнаған. Мен төменде содан қысқаша үзінді келтірдім» деп үзінді береді. Бірақ... Абай мен Ділдәнің некесі қиылған жерді тастап кетеді. Неге?.. Біз де әрбір сөзі тұнып тұрған тәлім-тәрбие ұлы кітаптан үзінді берейік.
«Абай жолы» не дейді?
«...Күйеудің үйіне бұл кеште халық сыймай, кернеп кеткен. Қазір мұнда Алшынбай, Ұлжан, Ізғұтты екі жақтың үлкендері, бас құдалары лық толы. Абайлардың алдына шымылдық түріліп, үлкендерден жастар жағын бөліп тұр.
...Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді. Бірақ, күйеу мен қалыңдық көп дәм татқан жоқ. Сол астың артынан төрде отырған, түсі Абайға көрінбейтін бір молда неке оқыды. Суық су құйған бір кесе төрдегі жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылды. Абай ұрттады да Ділдәға берді.
Осының артынан екі жеңге ақырын күлісіп кеп, Абайдың алдына қарсы отырып, екеуінің де оң қолдарын алып, біріне бірін ұстаттырды. ...Жеңге Абайдың қолын өзі көтеріп апарып, Ділдәнің арқасындағы қос бұрымына тигізді. ...Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. ...
Некеқияр мен той салтанатының бәрі өткен соң, үлкендер тегіс дауыстап бата қылысты да, жалпыға айтқандай:
-Қайырлы болсын!
-Қызық ұзақ болсын!
-Құтты, құтты болсын! – десті. Шымылдық арқылы Абай мен Ділдәға айтқан ата-ананың тілектері еді. Осыдан соң барлық үлкендер күрт көтеріліп, шығып кетті.
Олардың артында іркіліп қалған жастар да, бұл кеште көп отырмай, ерте тарасты. Күйеу, қалыңдықты оңаша қалдырудың қамы сияқты».
Авторға «орысшада неге «внебрачные деп жаздың» деген сұрағымызға «Мен не жазсам да ғалымдарға сүйеніп жазамын, Х.Арғынбаевты оқы» деген жауап алдық. Бұрын да оқығанбыз, кітабы да бар үйімізде, артық болмас, тағы оқиық...
Арғынбаев не дейді?
Қазақтың ірі этнографы Халел Арғынбаев «Қазақ отбасы және неке» деген тақырыпта докторлық қорғаған, бірнеше кітап қалдырған ғалым.
«...Қазақ дәстүрі бойынша күйеу жігіт қалыңдықтың ұзатылу тойына дейін оған қанша рет (ұрын келіп, қалыңдық ойнап) жолықса да, әдеттен тысжақынндыққа барып, қыз абыройын уақытынан бұрын төкпеу керек. Бұл әдетті бұлжытпай орындаууға қазақ халқы ның қатал қарайтындығы ХУІІ ғ. Соңы мен ХІХ ғ. бірінші жартысында жарық көрген әдеби мұраның бәрін дерлік айтылған. Ал, ХІХ ғ. екінші жартысында, ХХ ғ басында бұл тәртіптің бәсеңдегенін де көптеген авторлардыңң еңбектерінен байқауға болады. Әдетке қанша қатал болғанмен күйеудің тәжірибесііне, пысықтығына және қалтасының қалыңдығына байланысты бұл ғұрыпты аттаушылық та болып жататын, әйтеуір заңды күйеу болғандықтан, ата-ана да оның бәрін сезбегендікке салынатын». (Х.Арғынбаев. Қазақ отбасы. 144-бет). (Суретті қараңыз).
Жамбыл Артықбаев не дейді?
Қазақтың бүгінгі таңдағы ірі тарихшысы әрі этнографы, тарих ғылымының докторы Жамбыл Артықбаев өзінің «Қазақтың атастыру салты» деген кітабында ұрын бару жайлы былай деп жазады:
«...7.Неке қиюды молда қалыңдық аулында өткізеді. Ол жігіт пен қыз жағынан алтын жүзік, сақина алып, су құйылған сырлы тостағанға салады. Жіігт пен қалыңдық, олардың туыстары неке қияр суын ішуі жұбайлық өмірдің басы болып саналады.
...9.Егер күйеу ұрын тойда қалыңдықты пәктігінен айырса, неке төсегін төсеген жеңгелерге кәдесін береді.
10.Жігіттің қара шаңырағында неке қиюдың орнына отқа май құю, шалқып жанған отқа үш рет басын жерге иіп, тәжім ету салтанаты жүреді. Мұнан соң келінді жұмсақ иленген терінің үстіне отырғызады». (Бала-шағасы көп болсын деген ырым ғой – Ө.А.)
Сейіт Кенжеахметов не дейді?
Отыз жыл тірнектеп жиып, қазақ, ағылшын, орыс тілінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген керемет кітап шығарған марқұм этнограф, жазушы, ақын С.Кенжеахметов ағамыз аталған кітаптың 17-18-бетінде былай деп жазады: «Қынменде (ұрын келу). «Қынаменде» (дәстүр). «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл? (Абай).Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңіді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп,қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. «Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне өткізіледі. Ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған.(ҚСЭ, 7-том). Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы».
Өз малын өзімдікі дей алмай қалған жалтақ қазақ (бұ жаман әдеттен біз әлі де арылған жоқпыз) Қазақ Совет Энциклопедиясында да «Шығыс» деп мәймөңкелеп отыр, әйтпесе қазақтан басқа ұрын бару кімде бар? Ұрын барудың бір мағынасын «алғаш рет» деген сөз ашып тұр. Ол заманда бойжеткен жасқа жөні түзу қыз баласының айттырылмай жететіні өте аз болғанын есте ұстауымыз қажет.
Ары қарай Сейіт ағамыз орысша бөлімінде былай дейді: «Қынаменде» отмечают после того, как становится очевидным, что честь девушки не запятнана. На следующий день устраивается всеобщее веселье с песнями и танцами».
Бердалы бауырымыздың бұған дейінгі жазғандарынан біздің көзімізге түскенінің ішінен мынадай сорақылықты көрмеген едік, тілімізге тиісетіндердің, дінімізді көкпар етіп жатқандардың қатарына енді ең қымбатты, баға жетпес ең асыл, рухани байлық-қазынамыз («Қазақтарды оқытып керегі жоқ, өйткені олардың салт-дәстүрлері тұнып тұрған білім!» А.Семенов-Тянь-Шаньский) – салт-дәстүрімізге күйе жағу басталған соң шыдап тұруға шамамыз қалмады.
Сонымен, бұндай мақала бізге не береді? Өзгеге не береді? Біздің «азаматтық неке керек!» деп, ойнастық пен жезөкшелікті заңдастырғысы келіп, екі санын шапаттап шауып жүрген әсіре-демократтар мен ультра-оқымыстыларымыздың қолына керемет «көзір» береді.
«Қайтсек қазақтың арасына от саламыз» деген түпкі арам оймен, бетке жамылып алған түрлі бетпердені пайдаланып, қазақты қазақтың қолымен ұруға, қазақты қазаққа айдап салуға келгенде алдарына жан салмайтын орыстілді басылымдарға жерден жеті қоян тапқандай, шәпкісін аспанға ата қуануға мүмкіндік береді. Орысша жазатын баурымыз халқына «медвежья услуга» жасап отырғанын сезбегені ме? Ермек Тұрсынов деген біреу қазақ қыздарын мал сияқты ақшаға, ақшасы жетпей қалса бағалы аңның терісіне сатқан деп кино түсіріп, атын шығарып еді, Бердалы «қазақтар некесіз өмір сүрген» деп әйгілі болмақшы ма? Басқа-басқа, дәстүр тақырыбына қала сілтеп жүрген ол некесіз туған баланы қазақ «шата» деп, үлестен қаққанын, жолын бермейтін болғанын білмей ме? (Екі некелі әйелге жас келінді қолтықтатпайтын секілді). Қисайған жүгімізді түзете лмай жүргенде, Президенттің өзі бұл мәселеге білек сыбана кірісіп, «рухани жаңғыру» бағдарламасын енгізіп жатқанда «рухани қаңғыруға» жол ашқанымызға жол болсын?
Бізге керегі осы ма еді?!..
Өмірзақ Ақжігіт,
Дереккөз: Қазақ үні