ҚОШ БОЛ, ШЕР-АҒАМ!
2018 ж. 12 қазан
2719
0
– Елі үшін еселі еңбек еткен осындай тұлғалардың қазасы әрбіріміздің қабырғамызды қайыстырғаны сөзсіз. Шерхан Мұртаза қаншама ұлы тұлғаларды танытты, «Қызыл жебесін» жазды. Ең алғашқы «Табылған теңіз» атты повесінен бастап, «Ай мен Айшасының» аралығында қаншама үлкен шығармаларды дүниеге алып келді. Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосты. Өзінің өмірі де сәл мұңлылау болды. Шындықты айтып шырылдаған Шер-Ағаң әділдіктің ақ семсері болды.
Қош бол, Шер-Ағам! Сізді халқыңыз ешқашан ұқмытпайды. Сіз халқыңызбен бірге жасай бересіз. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын!
Дулат ИСАБЕКОВ,
жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
qazaquni.kz