"Тар заман" фильмінде ойнаған актер өмірден озды
2018 ж. 02 қазан
6509
0
Бұл туралы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры фейсбуктағы парақшасында жазылды.
Театр ұжымы марқұмның отбасына, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымына, жақындары мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтқан.
Тұрсын Байтайұлы Құралиев (6 қаңтар, 1950 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Құрмет орденінің иегері (2010).
Өз өмірінде 50-ден астам рөлде ойнаған. «Мосфильм», «Қазақфильм» киностудиялары фильмдеріне түскен. «Айман-Шолпан» (Әлібек), М. Ауезовтың «Апуа (Арман), А. Таразидің «Жәкеп кісі (Шалгез), С. Сматаевтың «Зар Заман» (Барақ Сұлтан), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Алтай) және т.б.
Сонымен қатар ол театрда да өзінің шеберлігін таныта білді. М.Кәрім «Ай тұтылған түн» -Ақ жігіт, М.Әуезов «Айман-Шолпан» - Әлібек, «Алуа» – Арман, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Жалмұхан, Ә.Әбішев «Нұрлы жаңбыр» – Мұхит, «Мәди» – Иман, «Алау жалды арғымақ» – Сәкен, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» – Деметрио, Ә.Тәжібаев «Күн сайын сағынамын» – Сәкен, Ә.Тарази «Жақсы кісі» және т.б көптеген бейнелерді жасаған.
Ол Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі, 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді. 2010 жылы елбасының жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды. 2016 жылы Қазақстанның Еңбек ардарегі медалі, 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі берілді.
Тұрсынның ең соңғы рөлдерінің бірі "Қазақстан" Ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген "Тар заман" сериалінде Әлімхан Ермековтің бейнесі еді.