Астанада халықаралық оқу конгресі өтеді
2018 ж. 04 қыркүйек
3333
0
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 11-12 қырқүйек күндері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы Халықаралық Оқу Конгресін өткізеді.
Конгресс барысында оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, кітап және кітап мәдениетінің мәртебесін көтеру мәселелері талқыланады. Қазіргі таңда қоғамның барлық топтарының назарын оқу мәселелеріне тарту, оқу феномені сауалдарын, сондай-ақ, кітапханалық және ақпараттық технологияны пайдалану бағытында жұмыс жасау баса назар аударылады.
Сондай-ақ, кітапханалық менеджмент пен маркетинг, оқырмандардың мәдени құзыреттілігін жақсарту мен интеллектуалды әлеуетті дамыту мәселелері қарастырылады.
Облыс өңірнен келетін кітапхана қызметкерлері Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасына 650-ден аса электрондық кітап көшірмелерін әкеледі.
Конгресс жұмысына Кітапханалық ассоциациялар мен мекемелердің Халықаралық федерациясы (ИФЛА), Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы (БАЕ), Ресей кітапханалық қауымдастығы (РБА), Электронды кітапханалар және жаңа ақпараттық технологияларды жасақтаушылар мен пайдаланушылардың халықаралық қауымдастығы (ЭБНИТ), Түркітілдес елдердің Ұлттық кітапханаларының және туысқандық қоғамдастық қауымдастығы (ТюрКЮБир) өкілдері, халықаралық мәдени ұйымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлер, ғалымдар, Ұлттық кітапханалардың басшылары, оқырмандар, кітапханашылар, оқытушылар және студенттер қатысады.