Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ: ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСА БЕРІҢІЗДЕР!
2018 ж. 11 тамыз
7105
0
ҮКІМЕТ ЖЕДЕЛХАТЫ
«Жас қазақ үні» газетінің Бас редакторы Қазыбек Исаға
Құрметті Қазыбек Жарылқасынұлы!
Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының бір көрінісі – жаңа тұрпатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да көрініп келеді. Бүгінде елімізде әлеуметтік – мәдени ажарын айшықтауға үлес қосып келе жатқан басылымдардың бірі – республикалық «Жас қазақ үні» газетінің де ақпараттар айдынына желкен керіп шыққанына бір жыл толып қалыпты. Газет осы аз уақыттың ішінде өзіндік ерекшелігін танытып, бағыт – бағдарын айқындап, өз оқырманын тауып үлгерді. Тоқсаныншы жылдардың басындағы алғашқы демократиялық басылым ретінде батылдығы мен шыншылдығын ала келіп, ХХІ ғасырда жаңа қарқынмен жаңаша үн қатуда. Осы бір жыл ішінде ол Отанымыздың игілігі, оның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуі жолында өз хал-қадарынша насихаттық жүк арқалаған , өз бет – бейнесі, еркін қолтаңбасы бар басылымға айналы. Әсіресе еліміздің ертеңі – жастар тәрбиесі, ел мен тіл тағдыры, сапалы білім мен саналы тұрмыс, мәдениет пен өнер мәселелерін терең талдауға ұмтылысы ұнап отыр. Құрметті «жасқазақтықтар»! Сіздер болашақта да осы игі бағыттарыңыздан таймай, республикамыздың демократиялық өркениетті ел болып қалыптасуына, өркендеп, дамуына және Тәуелсіздігіміздің баянды болуына өз үлесін қоса береді деп сенемін. Сіздерге шығармашылық шабыт, денсаулық, бақ – береке, зор табыстар тілеймін!Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ
ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ БАСА НАЗАР АУДАРҒАН БАСЫЛЫМ
«Жас қазақ үні» газетінің Бас редакторы Қ.Исаға
Құрметті Қазыбек Иса!
Сізді және редакция ұжымын «Жас қазақ үні» газетінің шыға бастағанына бір жыл толуымен құттықтаймын. Бұл басылым өзі шыға бастағаннан бергі аралықта елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік – экономикалық жаңаруларды насихаттауға белсенді араласып келеді. Қазақ басылымдарының арасында мәдени-ағарту мәселелерін ұдайы көтере отырып, жас ұрпақтың мектеп және жоғары оқу орындарының қабырғасында жүріп терең білімді, озық ойлы болып қалыптасуына атсалысуда. Жастардың бойына имандылық пен адамгершілік, елжандылық пен еңбексүйгіштік қадір – қасиеттерді сіңіруге игі ықпал ететін материалдар жариялау арқылы газет өз бағыт – бағдарын айқындап алды. Сіздерге алдағы уақытта да осы бағыттан таймаңыздар дей отырып, шығармашылық жетістіктер тілеймін.Құрметпен, Министр Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД
АТЫНА САЙ БАСЫЛЫМ
Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы ХХ ғасыр басында « Сөзі өлген халықтың өзі өлгені » деген екен. Ахаң айтқан Сөз – Баспасөз. Баспасөз әрбір ұлттың, әрбір халықтың ой – өрісін, дүниетаным, парасатын, өркениетке қарай өрге басуын дәлме – дәл айқындап, қоғам дамуының жетістік – кемшілігін ажырата бұқараны ақиқатқа бастайтын қуатты құрал.Қоғам демократиялануы үшін бұқара халық саясаттануы керек. Бұқара халық саясаттануы үшін баспасөз демократиялануы керек. «Жас қазақ үні » жыл бойы ұлтымыздың ұлы мұратын жырдады. Тәуелсіздік алғанына 10 жыл жаңа толып отырған жас мемлекетіміздің әрбір жетістігін ақ жүрекпен айтып, жас өркеннің Отанға, туған елімізге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Еліміздің ертеңіне ерекше сенер болсақ, ол – жастарға деген сенім. Ертеңіміз жарқын болсын десек, жастарымызды жақсылыққа, ізгілікке, тұтастыққа тәрбиелеуіміз керек. Сондай ақадал тәрбие сабағын жүргізетін рухани қайнарымыздың бірі – « Жас қазақ үні». Жыл бойы басылымнан алғанымыз аз емес. Алдағы жылдардан күтеріміз одан да көп. Газет күткен межеден шығады деп сенеміз. «Жас қазақ үні » атына заты сай, жастардың жүрегіне от жағып, ой салатын басылым болсын. Басылымға жастық жалын, жасымас жігер тілеймін.Оңтүстік Қазақстан облысының
Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ
«Жас Қазақ үні» газеті №31(42) 9 тамыз, бейсенбі, 2001 жыл
(Материал «Қазақ үні» газетінің архивінен алынды)
qazaquni.kz