Белгілі дәстүрлі әнші Аяз Бетбаев дүниеден озды
2018 ж. 09 сәуір
6077
2
Белгілі термеші, жыршы Аяз Бетбаев 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Термеші, жыршы әрі композитор Аяз Бетбаев 1942 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Ол – ақын, әнші, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері.
Аяз Бетбаев 1970 жылдан Шу ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып қызмет еткен.
Оның “Ақ қайың”, “Сағыныш”, “Махаббатжұлдызы”, “Жұлынған гүл” әндері кең тараған. Сонымен қатар “Жетісу әуендері” күйлер жинағы, “Шу толқындары” кітабы жарық көрген.
Термеші Мәскеуде өткен 2-ші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты атанды.
Сондай-ақ, «Құрмет» ордені, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалін иеленді.
Аяз Бекетайұлының еліміздің мәдениет саласына көп үлес қосыт. Термеші әрі әншінің жырлаған “Ақбөпе”, “Сағыныш”, “Ғашықтар”, т.б. жыр-термелері халық жүрегінен ерекше орын алған еді.