Қарақат Әбілдина атышулы "Қалаулым" бағдарламасын жақтап шықты
2018 ж. 06 ақпан
6295
31
Еліміздің белгілі эстрада әншілері Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина жақында Еуразия бірінші арнасында шығатын “Қалаулым” бағдарламасында қонақта болды. Жұлдызды жұп бақытты болудың құпияларымен бөлісіп, жастарды үлгілі отбасы болуға шақырды. Бағдарлама соңында Қарақат бағдарлама жайында ойын жеткізіп, жүргізушілерге ыстық ықыласын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалаулым бағдарламасында қонақта болып, Қыдекең екеуіміз біраз жақсы дүниелерді еске алдық. Аталмыш жобаның бас редакторы әрі жүргізушісі Шаxкерімді бөпе кезінен танимын. Жазушы,дүлдүл әнші,ұлағатты ұстаз Жәнібек Карменовтей ұлы тұлғаның тұяғы,алтынның сынығы ғой бұл азамат.Жылы жүзді,үлкен жүректі Жәкеңнің асыл бейнесі менің есімде.Бізге сабақ беріп жүрген кезде ұстазымызды сұм ажал арамыздан алып кеткен еді.Бүгін ұлын көргенде,ұстазымды көргендей ерекше әсерде болдым."Әкең өлседе әкеңнің көзін көрген өлмесін" деп қазақ бекер айтпаған ғой... Өнерде жүрген аға-апаларына деген құрметі бөлек.Марқұм ағамыздың жасамаған жасын жасап,жете алмай кеткен арманына ұлы @shahkerim жетсін деп тілек білдіремін! @asha_matai сіңіліме де тілегім әрқашан аппақ, - деді әнші.
Сонымен қатар, Қарақат Әбілдина бағдарламадан оғаш ешнәрсе байқамағанын жазды.
“Қыдекең екеуміз ән айтып, сұхбат берсеңіздер деп шақырған соң қатыстық. Ұшақтың кешігіп ұшуына байланысты мен өзім ортасынан қосылдым. Өз басым ешқандай өрескелдік байқаған жоқпын. Халықтың неге осыншама теріс пікірде екенін түсіне алмадым. Қысқасы бір отырып қарау керек екен”, – деп жауап берді әнші оқырмандардың біріне.