Рухани жаңғыру –табысты ел болуымыздың кепілі
2018 ж. 22 қаңтар
4168
0
Еліміздің саяси өмірінде елеулі оқиға – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы. Бұл ХХІ ғасырда шынайы өмірде ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолындағы дүниетанымдық-идеологиялық мақаласындағы рухани жаңғырудың бір тармағы – Ұлттық бірегейлікті сақтау аясында 167 мектеп-гимназиясында ұстаз Гүлнұр Тоханайқызының ұйымдастыруымен Қазақстанның мәдениет қайраткері, атақты сатирик, ақын Үмбетбай Уайдиннің шәкірті, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген, қазақ ән өнерінің тасын өрге домалатуды, есті әндердің қатарын көбейтуді көздеген, «Интеллектуалды жобаның» авторы, бүгінгі күні өзі де шәкірт тәрбиелеп отырған журналист, ақын, сатирик, композитор, танымал әндердің авторы, фотограф, «Тамаша» ойын-сауық отауына сатира жазған, баспагер Жарылқасын Дәулет пен шәкірттері Аман Әбен және Ақтолқын Тажиковамен «Байлығым менің - Тәуелсіз елім!» атты кездесу кеші өтті.
Сырлы кездесудің мақсаты: Өнер қайраткерлерінің өнердегі қолтаңбалары туралы ұғымдарын кеңейту. Сондай-ақ өнер қайраткерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.Ұлттық бірегейлікті сақтау.Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, есті әндерді тыңдай отырып жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру мәселері қамтылды.
Шара барысында мектептің оқушылары автордың әндерін айтып, өз өнерлерін көрсетті. Нақтырақ айтсақ, күллі Алашқа МузАрт орындап жүрген «Қазақтай ел қайда?» әнін аталмыш мектептің оқушысы Аружан есімді қыз автормен бірге әнді шырқады. Ал6 «А» сынып оқушысы Нұрислам Жарылқасын Дәулеттің патриоттық тақырыпта әнін орындаса, талаптанып жүрген ақын болса деген армандары бар 5 «А» сынып оқушылары Ақай Азамат пен Сейітқазы Нұрдаулет келген қонақтарға өз өлеңдерін оқып берді, Одан өзге кездесу кешінде 5 «А» сыныбы қыздары Қарақат Әбілдинаның орындауындағы Жарылқасын Дәулеттің «Ойлаған махаббатты бұлай деп кім?» әніне қойылым қойды.«Алаш ұлы» тобының орындауындағы «Батырлар ұраны» әнін 5а сынып оқушылары болашақ «Алаш ұлы» тобының ізбасары Санжар, Кенжетай, Мирас орындап шықты,
Жылтырақты жаны сүймейтін, теларна, газет-журналға шыққанды аса ұнатпайтын сатириктің ең үлкен жаңалығы – ессіз дүиенің көбейген уақытында композитордың рухани құнлықтарды жаңғырту негізінде ұрпақтар сабастастығының, рухани жаңғырудың үздік үлгісі шәкірт тәрбиелеп, ән әлеміне Аман Әбен деген жаңа есімді үкілеп қосып жатқандығы болды. Шәкіртінің әлеуметтік тақырыптағы проблемаларды қозғайтын «Бол солай», «Ет жеп кет» әндерін орындау арқылы жиналған көпшілікті қалың ойға шомылдырды.
Қазақ шоу бизнесінде кей ер ер азаматтардың ыңырсып, сырға тағып, қыз теке ауруына шалдығып отқан кеселінде қазақ деген жігіттің болмысын суреттейтін, қазақ жігітінің үні қандай болу керектігін дәлелдей бастаған Амандай жігіттің келуі – қазақ деп соққан әр жүреккке жұбаныш болғандай болды.
Қорыта келер болсақ, өткізілген кездесуден кейін 5-10 сынып оқушыларының сұқбаттан кейінгі өмірге деген құштарлықтары оянып, ұстазға деген құрметтері арта түсіп, қасиетті өнердің қадірін жете түсініп, адамгершілік, ізгілік құндылықтар туралы терең ойланып, адам баласының әрдайым ізденіс пен еңбекқорлылықта болу керектігі туралы ойлана бастағандығы көз қуантады. Жарылқасын Дәулеттің риясыз әңгімесі оқушыларға рухани дем беріп, аянбай талмай еңбектенудің жемісті де, жеңісті де болатындығына көздерін жеткізді. Оқушылар – Рухани жаңғырудың табысты ел болуымыздың кепілі екендігін ұғынды.
Біз біртұтас ұлы ұлттың перзенті екенімізді мақтан тұтуға тиіспіз. Біздің жолымыз айқын: Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетейік!
Айдын Еспенбет
Алматы қаласы