Театр артистері Елшілікте ұйымдастырылған концертте өнер көрсетті
2017 ж. 21 желтоқсан
4736
0
Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігі Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Жаһандану заманында дамыған мемлекеттердегі елшіліктердің сол мемлекеттің астанасында Тәуелсіздігіміздің дүбірлі мерекесін атап өтуі қуантарлық жағдай. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының Токиодағы гастрольдік сапары сол атаулы мерекенің салтанатына сәйкес келіп отыр. Елшілікпен бірге Әуезов театрының ұжымы да ұлы мерекемізді ұлықтады. Қазақ театрында ұлттық өнеріміздің жауһарына айналған ән-жырларымыздан шашу шашып, театрымыздың директоры Ерлан Біләл осы сапарымыздың мән-мағынасы өте жоғары екенін айтып өтті.
Мұндай шетелдегі елшіліктермен бірлесе отырып тәуелсіздікті салтанатты түрде ту қылып желбірету – әлемдік мәдениеттегі қазақ руханиятының мәртебесі.
qazaquni.kz