Аxико Тецуро ақсақал NHK телеарнасына сұxбат берді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты Халықаралық жобасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан  М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының Токиодағы гастрольдік сапары бастау алды. 18-26 желтоқсан аралығына жоспарланған бұл іс-сапар барысында театр ұжымы  «Ақтастағы Ахико» қойылымын, «Ұлы дала елі» атты Ұлт руханиятын ұлықтайтын концерттік бағдарламаны және  театр музейінен орын алған құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды танытатын «Рухани қазына» атты көрмені жапондықтардың назарына ұсынады. Әуезов театрының «Токио сапарына» арнайы барған Ахико Тецуро ақсақал NHK  телеарнасына сұхбат берді. NHK - Жапониядағы ең ірі мемлекеттік орталық телерадиокомпания. Тариxы өткен ғасырдан бастау алатын телеарна, әлемнің 22 тілінде ақпарат тарата алатын әлемдегі ең ірі телерадиокомпанияларының бірі болып табылады.

qazaquni.kz