ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ ІСПЕТТЕС
2017 ж. 30 қараша
1826
0
Елбасының ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы толғамдары халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Демек, ежелгі ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа ала отырып, ұшқыр заманның өскелең үрдістерін бойға сіңіруіміз қажет. Мемлекет басшысы бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен: Бәсекелік қабілет, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы.
Халықтың саналы түрде жаһандық озық үлгілерге бейімделуіне рухани жаңғыру үдерісінің лайықты септігін тигізетіндігіне сеніммен қараймыз. Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның» дейді. Қазақ дәстүрінде балаға әр кезеңде сапалы білім беруге тырысқан. Ең бастысы, Елбасы мақаласы, ел Тәуелсіздігін одан әрі нығайту бойынша біздің еліміздің жастарына арналған жол картасы. Айқын бағдар. Бүкіл адамзаттың қоғам деңгейінде белсенді жүргізіліп отырған бұл бағытта Қазақстан халқы ассамблеясы азаматтық қоғамдағы қозғаушы күш және Елбасының идеялары мен жасампаз саясатын ұтымды таратушы ретінде өте маңызды роль атқарады. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Асылы Осман апамыздың III Халықаралық Түркі дүниесін зияландырғандар: «Қожа Ахмет Яссауи және Жүсіп Хас Хажип» халықаралық ғылыми симпозиумында елдік мұрат, қазақ халқының қонақжайлылығы, көңілінің даладай дарқандығы, мейірімділігі, жасампаздығы жайлы тұла бойына біткен қадір қасиеттері жайлы тебірене айтқан сөздері көпшілік көңілін серпілтіп тастады. Яғни, қазіргі талап – өмір бойы білім алу, жаңаша өмір сүруге бейімделу. Қай кезеңде болсын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Үш тілде сөйлеу қазіргі заманның талабы деп білемін. Себебі, үш тілде еркін сөйлеу біліктілікті арттырып қана қоймай, оны дамыту арқылы іс жүзінде іске асыру жүзеге асады. Үш тілде еркін сөйлеу жаңа заман технологиясын пайдалану, соның ішінде заманауи интерактивтік және иновациялық технологияны қолдану, үш тілде білім алу, сол алған білімі арқылы сөйлеуге дағдылану және сөздік қорын жаңа ұғымдармен қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылығын ояту болып табылады. Колледжімізде бірінші және үшінші курс аралығында шет тілін дамытуда Жоғағы басқару органының қолдауымен аптасына төрт сағат (екі сағат ағылшын тілі, екі сағат түрік тілі) қосымша пән ретінде өткізіледі. Онда білім алушыларымыз өздері таңдаған топтарда білім ала алады.
Қоғамдық сананы жаңғыру жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы – еліміздің конституциялық, экономикалық реформалардың жалғасы. Жаңа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдары ұсынылған. Осы бағдарламалық жоспарға сәйкес Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжінде бірлік пен татулықты, рухани келісімді сақтау мақсаттарында нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оның барлығына, осы білім ордасында оқып жүрген, бірнеше этнос өкілдерінің білім алушылары қатысып, белсене ат салысуда, бұл өзара байланысты жақсартып колледжіміздің ішкі әлеуетін арттырады.
Жоғарғы басқару органының төрағасы, академик, доктор, профессор Сабри Хизметли мырзаның қолдауымен, колледж директоры Айгүл Арынованың басшылығымен атқарылып отырған іс-шаралар өз нәтижелерін беруде. Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі, Алматы қаласы білім басқармасы, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Алматы колледждер қауымдастығы, Қалалық әдістемелік кабинеті бірігіп «Шет тілін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Алматы қаласы бойынша 82 колледж өкілдері қатысып, тәжірибе алмасты. Бұл жас ұрпақтың өсіп-өнуіне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдістерін барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету бағытын басшылыққа алатын тәрбие. «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» тақырыбында Алматы қ-сы, Алмалы ауданының ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, қалалық көлемде кездесу, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының негізінде білім алушыларымыздың бойында елдік рухты қалыптастыру негізге алынады. Бұл тұрғыда басты мақсат – өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм әлеуетінде тәрбиелеуде білім алушылардың қатысуларымен, «Айбын» салтанатты әсекри шеру өткізу, жыл сайын Елбасы Жолдауын білім алушыларға тікелей эфирден көрсетуді, ұйымдастыру, 1-желтоқсан –Президент күніне колледж білім алушыларына Елбасымызға арнап түсірілген көркем фильмдер шеруін көрсету дәстүрге айналған. Әр жеке тұлғаның қабілеттерін ұштауда, ой-өрістерін дамытуда, ортада өз ойларын еркін жеткізуге , достық ортаны қалыптастыруда, белгілі бір мамандыққа баулуда, «Креатив» арнайы пән оқытушысы Ажар Тасыбекова, «English club» ағылшын пәнінің оқытушысы Шахаманова Айдана, «Туризм және өлкетану» арнайы пән оқытушысы Земфира Салимпур, «Мәдени мұра» тарих пәнінің оқытушысы Мұханов Абзал жетекшілік ететін үйірмелері жұмыс істейді. Мақсатты жұмыстардың нәтижесі колледждегі рухани тәрбие бағытындағы жұмыстардың жақсы нәтижесін беріп отыр.
Әрбір білім алушы өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі қажет. Егер қоғамның даму кіліті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс деп санаймыз.
Г.СҰЛТАНМҰРАДОВА,
Алматы қазақ-түрік
гуманитарлық-технологиялық
колледжінің оқытушысы
qazaquni.kz