«AMANAT musiс» – болашақтың жарқын кепілі
2017 ж. 08 қыркүйек
4394
0
Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауында рухани дамуымыздың жаңа жаңғыруының жарқын жолын көрсетіп берді.
Халқымыздың бабадан келе жатқан ұлттық өнерін дамыту үшін өткен жылы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театры құрылған болатын. Осы театрдың іргетасы қалануымен бірге ұлттық өнерді жас ұрпақ бойына сіңіріп, рухшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Аманат» өнер орталығы ашылды. Аталмыш театрдың құрылғанына жыл толуына, сонымен қатар «Аманат» өнер орталығының бір жылдығына орай 1-4 қараша аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен «Аманат» өнер орталығы «AMANAT musiс» Халықаралық конкурс-фестивалін өткізді.
Конкурс-фестивалде 140-қа жуық өнерпаздар бақ сынады. Оның 12-сі бас жүлде, он кісі II орын, он екісі I орын, он III орын, 3 арнайы жүлдемен марапатталды.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жас таланттардың өнеріне баға берген әділ қазылар құрамында конкурс-фестивалінің ұйымдастырушысы, қазылар алқасының төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Сәуле Жанпейісова, Венгриядағы Будапешт қаласының «Барыс» қазақ-мажар қорының мәдениет, білім және тіл бөлімінің басшысы Оңайша Мандоки, Ресей Федерациясы, Якутиядан Саха Республикасы мемлекеттік эстрада театрының солисі Юлияна Кривошапкина, Қырғыз Республикасынан Қырғызстанның мәдениет қызметкері, әнші, қомузшы Қайрат Салмакеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Нұркен Әшіров, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Серпер» Жастар сыйлығының иегері, әнші Өмірқұл Айниязов болды.
Өнер бәйгесінде қатысушылар «Халық аспаптары», «Дәстүрлі ән, жыр-терме»,. «Эстрадалық вокал», «Халық ансамбльдер» ноинациясы бойынша 5-7 жас, 8-12 жас, 13-17 жас, 18-25 аралығы бойынша бақ сынады.
Конкурс-фестивальде ерекше өнерлерімен көзге түскен «Фестиваль үміті» арнайы жүлдесімен «Қарақат» мектеп» студиясының оқушысы Әсет Жанел, «Фестиваль жауһарлары» жүлдесімен «Аманат» өнер студиясының әнші қыздар ансамблі, Сәуле Жанпейісованың арнайы жүлдесімен Нұргүл Жақыпбектің Жетіген студиясының оқушысы Өтеу Арайлым марапатталды.
«Халықтық ансамбль» номинациясы бойынша 1-орын иегерлері 6-12 жас аралығындағы ер балалардан құралған «Аманат» өнер студиясының жас домбырашылар ансамблі, 2-орын иегерлері «Еркеназ» жетігеншілер ансамблі, 3-орын иегерлері атанған «Қырғыз көші» ансамблі лайық деп танылды.
Конкурс барысында «Фестиваль жауһарлары» арнайы жүлдесіне ие болған 6-12 жас аралығындағы қыздардан құрылған «Аманат» өнер студиясының әнші қыздар ансамблінің алғаш рет Сәуле Жанпейіосвамен бірге гала концертте «Күміс құмған-ай» халық әнін орындап, үлкен сахнада тұсаулары кесілді.
«AMANAT music» конкурс-фестивалінің «Халықтық ансамбль» номинациясы бойынша Бас жүлде иегерлері А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің «Серпін» фольклорлық ансамблі Шал Мырзаның «Терісқақпай» күйін кәсіби деңгейде орындап шықты.
Алыстағы мажар елінің сәлемін арқалап келген жас өнерпаздар 1-орын иегері Фехейр Богларка және 3-орын иегері Хусти Золтан атанды.
«Дәстүрлі ән, жыр-терме» және «Халық аспаптары» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері Жалғас Нұрашев (Астана) номинациясының Малика Абайқызы, Абдурахим Бердібек, Баян Жұбанова (Астана қаласы) және Серік Макуов (Ақтөбе облысы), Диляра Қаржаубаймен Роберт Бердібек (Маңғыстау облысы).
Конкурс-фестивалдің 1-орын иегерлері Қырғызстан Республикасынан келген «Чабдар ат» дуэті мен Түркия мемлекетінен қатысқан Айдын Хакан марапатталды.
Гала концерт барысында конкурс-фестивалдің жеңімпаздары мен әділқазы мүшелері және «Аманат» өнер орталығының оқытушылары Азат Дулатұлы мен Рауан Әбілбаев өнер көрсетті.
Бірнеше Халықаралық конкурстардың лауреаты Юлияна Кривошапкина мен (Ресей, Якутия) және «AMANAT music» конкурс-фестивалінің Бас жүлде иегерлері Атласова Чэмэлиине мен Заровняева Наталья (Ресей, Якутия)өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша Бас жүлденің иегерлері «Аманат» өнер студиясының шәкірттері Шархан Алина мен Елдана Файзулла, Жамбыл облысының намысын қорғаған Нұрай Ғаниқызы атанды.
Конкурс-фестивалді Қазақстанның мәдениет қайраткері, әнші Өмірқұл Айниязов пен «Аманат» өнер студиясының жас жұлдызы, І Халықаралық «AMANAT music» конкурс-фестивалінің 1-орын иегері Бақтияр Зейнелхан. «Байтақ елім» әнімен қорындылады.
Өнер әлеміне қанат қаққан өнерпаз өрендеріміз биіктен биікке самғай берсін!
Ақтолқын ТАЖИКОВА
«АМАНАТ» өнер студиясы
qazaquni.kz