ҚОҒАМДЫҚ САНА: ҚАЙТА ТҮЛЕУ ҮДЕРІСІ
2017 ж. 21 қыркүйек
4540
0
Астанада «Жаңғырту 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбында сарапшылар кездесулерінің тобы аясында ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға қатысушылар «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын талқылады, сондай-ақ, Үшінші жаңғыртудағы әлеуметтік-саяси трендтерді қарастырды. Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры Ғани Нығыметов бүгінде Институттың қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша бірқатар зерттеулерді іске асырып жатқандығын баса айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы құндылықтарды басқарудың ауқымды үдерісі болып табылады. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы онда ерекше орынға ие, себебі дамудың құндылықтарымен тікелей байланысты. Оның басты міндеті қазақстандық мәдениеттің жетістіктерін көру, бағалау және әлемге көрсету», – деп түсіндірді ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша Ұлттық комиссияның хатшысы, жобаның жұмыс тобының жетекшісі, Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева. Ол қазір жұмыс тобы үздік шығармалар мен орындаушыларды іріктеудің ақтық кезеңіне жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарында алғаш рет мәдени жетістіктерді түгендеу жүргізілді, отандық мәдениеттің алтын қоры жүйелендірілді. Бұдан өзге, конференцияда ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов, ҚР МСМ мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, ҚР МСМ Қазақ ҒЗИ бас директоры Андрей Хазбулатов, шетелдік сарапшы, «Назарбаев Университеті» профессорының ассистенті Чарльз Салливан, атақты мәдениеттанушы және сценарийші Зира Наурызбаева және басқа ғалымдар мен қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Конференцияға барлығы мемлекеттік органдардың, Қазақстан мен шет елдердің ғылыми және сарапшылық-талдау қауымдастығының 100-ден астам өкілі қатысты.
qazaquni.kz