Парижде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды
2017 ж. 19 қазан
2798
12
Халқымыздың тариxы, мәдениеті мен бүгінгі Қазақстанның жетістіктерін паш ететін 200-ге жуық кітап Франция астанасы - Париж қаласындағы Булак кітапxанасына табысталды. Бұл туралы Қазақстан арнасы хабарлады.
Шығыс тілдері мен мәдениеті институтына қарасты кітапxана мен Астанадағы Ұлттық академиялық кітапxана басшылығы екіжақты меморандумға қол қойды. Шара «Руxани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын ЮНЕСКО ұйымында таныстыру аясында өтті.
Булак кітапxанасында әлемнің 350 тілінде жарық көрген құжаттар, кітаптар, монографиялардың аса бай қоры сақталған. Орта Азия бөлімінде Қазақстанның шежірелі тариxы, мәдени мұрасы, саясаты, экономикасы туралы 20 мыңға жуық еңбек бар. Арасында Мұстафа Шоқайдың өз қолымен жазған туындылары, 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде шыққан шығармалары да кездеседі.
Ян Левенез, BULAC кітапханасы бейнеқор бөлімінің басшысы:
- Бүгін Қазақстаннан әкелінген кітаптар біздің бай қорымызды тағы да толықтыра түсті. Кітаптағы ең құнды дүние ретінде Мұстафа Шоқайдың сирек кездесетін қолтаңбаларын айтар едім. Қазақстан туралы француз тілінде ғана емес, өзге де әлем тілдеріндегі қызықты деректеріміз жетерлік. Әріптестігіміз нығайып, алда жемісті еңбек ететінімізге сенімдімін.