ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АМАNАТMUSIC» КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІ ШАҚЫРАДЫ...
2017 ж. 01 қазан
3619
1
«AMANAT musiс» Халықаралық конкурс-фестиваліАлматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының құрылғанына жыл толуына, сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,әнші Сәуле Жанпейісованың жетекшілігімен ашылған «Аманат» өнер орталығының бір жылдығына орай өткізгелі отыр.
Конкурс-фестивальдің ұйымдастырушылары:«Аманат» өнер орталығы,«Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен өткізеді.
Ақпараттық демеушілер: Республикалық газет-журнал, радио, телеарна, сайт пен медиапорталдар.
Осы ереже конкурстың мақсаты мен міндеттерін, талаптары мен өткізу тәртібін анықтайды.
КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Байқаудың басты мақсаты:
– Конкурсанттардың байқау барысында өзара достық қарым-қатынас қалыптастыруына жол ашу;
- Дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету;
- Патриоттық, азаматтық, мәдени-эстетикалық тәрбиелеу;
- Дарындының даралығын насихаттау;
- Қатысушылардың шығармашылық әрекеттерінің түрлері мен бағыттарын дәріптеу;
- Дәстүрлі ән, жыр-терме (ұлттық аспап сүйемелімен жеке орындау)
- Халық аспаптарында жеке күй орындау;
- Эстрадалық вокал (жеке орындау)
- Халықтық ансамбльдер (дуэт, трио, квартет, т. б., 15 адамға дейін)
- 5 –7жас (кіші топ)
- 8 –12 жас(орта топ)
- 13 –17 жас (үлкен топ)
- 18 –25 жас (ересек топ)
- Қатысушылар сүйемелдеуші аспаптарын өздері әкеледі;
- Ән мини дискіде және флешкаға жазылуы тиіс. Шығарма салынған диск пен флешкада тек байқау шығармасы ғана жазылуы шарт;
- Фонограммаға (+) тиым салынады;
- Шығарма салынған диск пен флешканың сыртында және ішінде қатысушылардың аты-жөні, шығарманың аты жазылуы керек;
- Әр қатысушы тізімдік рет бойынша дайын тұруы тиіс, сүйемелдеушінің аспабы мен құралдарының дайындығына жетекшісі жауапты;
- Қатысушы кіші топ 1 шығарма, қалған топтар 2 шығармадан орындайды. Шығарманың жалпы ұзақтығы 7 минуттан аспауы тиіс.
- Қазылар алқасының құрамы мәдениет және өнер қайраткерлерінен, кәсіби мамандардан түзіледі;
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, сондай-ақ байқау ережелерінің бұзылуына жол берген қатысушылар байқаудан шеттетіледі;
- Қазылар алқасының барлық мүшелері келіскен жағдайда бағдарламаны қысқарту немесе шығармаларды орындауды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы;
- Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 30 ұпайлық жүйе бойынша (10 ұпай ашық, 20 ұпай жасырын) бағалайды. Жинаған ұпай саны бойынша орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегері анықталады.
- Жеке орындаушылар – 15.000 тг.
- Дуэт, трио – 20.000 тг.
- Ансамбль – 4 адамнан 10 адамға дейін – 30.000 тг.
- 11 адам және одан жоғарыболса – адам басына 3.000 тг.
- Өтініш ұсынылған анкета бойынша 25 қазанға дейін қабылданады;
- Осы уақыт аралығында қатысу жарнасы төленуі тиіс. Өтінішпен бірге жарна төленген түбіртек көшірмесі болуы міндетті. Ал түпнұсқасы байқау болатын күні тапсырылуы керек;
- Тапсырыс анкетасыэлектронды пошта арқылы Word форматта қабылданады.Сүйемелдеуші болған жағдайда, анкетаға енгізілу сұралады;
- Кәмелетке толмаған қатысушыларға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапты адам болуы міндетті.
- орындау шеберлігінің деңгейі;
- дарынның ерекшелігі, әсерлілік;
- сахна мәдениеті;
- қатысушыныңжасынарепертуарыныңүйлесімділігі.