Роза Рымбаев Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді
2017 ж. 19 қыркүйек
8369
24
Жуырда Бибігүл Төлегенова халық артистері Роза Қуанышқызы мен Мақпал Жүнісованың өнеріне риза еместіктерін жеткізген болатын. Роза ханым өнердегі әпкесінің сынына келесідегідей жауап берді. Мұнымен қатар, ол соңғы кезде не себепті шәкірт тәрбиелемей кеткенін айтып өтті.
Сурет: Роза Рымбаеваның жеке парақшасынан
Бұл туралы Zhuldyz TV арнасына берген сұхбатында айтып өтті, – деп хабарлайды Stan.kz.
“Біз бала күнімізден эстрада бағытындағы әндерді орындадық. Мен өзім Жүргенов академиясындағы эстрада жанры, актер жанры саласында білім алдым. Мен өзімнің мамандығым бойынша жұмыс істеп жатырмын. Бұрылып кеттім деп айта алмаймын. Мен классикалық әндер орындаушысы емеспін”, – дейді Роза Рымбаева.
Өмірін өнеріне арнаған тұлға қазір шәкірт тәрбиелеуді де қойған. Себебі, уақыт тапшы. “Мен ұстаз болып 10 жыл сабақ бердім. Қазір шығармашылығыма көп уақыт керек. Іссапар мен гәстрөлім көп. Сол себепті, әзірге ұстаздықты қоя тұрамын”, – дейді әнші.