Баян Есентаева жас қыздарға аналарын тындамауға кеңес берді
2017 ж. 11 қыркүйек
4070
22
Ақтөбеде кітабын таныстырып, автограф-сессия өткізген Баян Есентаева қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Кездесуге келгендер танымал продюсер әрі тележүргізушіні сұрақтың астына алды.
«Мен анама мұғалім болғым келмейтінін, керісінше, шығармашылықпен айналысқым келетінін қалай түсіндіре аламын?», — дейді Баян Мақсатқызының ақтөбелік фанаттарының бірі Әдемі.
«Менің де басымнан өткен жайт. Анамның арманы — менің мұғалім болуым еді. Оралдағы педагогикалық училищеде оқығым келмеді. Содан, әке-шешеме айтпай, оқудан шығып, театр институтына құжаттарымды тапсырдым. Өйткені, өзімді мұғалім ретінде елестете алмадым, менің де арманым әртіс болу еді», — деп жауап қатты продюсер.
Баян Мақсатқызы Әдеміге келесідей кеңес берді.
«Мамандық таңдауда қателессем, анама ренжімейтінімді айттым. Тек кедергі болмаса, алғыс білдіремін дедім. Әдемі, анамыз бізге болсын дейді. Дегенмен, аналарды тыңдай берудің қажеті шамалы. Әрине, сендерге дұрыс кеңес беріп отырғаным жоқ. Сонда да, мамандықты өздерің таңдауларың керек. Аналарымыз біздің маңдайымызға бір құдайдың не жазғанын біле отыра, неліктен кедергі болады екен?», — деді танымал продюсер.