Кириллица әліпбиінде қазақ тілінің грамматикасы мен стилистикасына қажетсіз әріптер бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Елбасы қазақ тіліне қажетсіз әріптерді атады
2017 ж. 23 тамыз
4007
39
«Қазақтың жаңа әліпбиін жасауды қолға алып отырмыз. Бұған дейін түріктің көне әліпбиі болды, одан кейін біздің бабаларымыз араб әліпбиін алып келді, Ахмет Байтұрсыновтың төте жазуын қолдандық, 40-шы жылға дейін латын әліпбиі болды, содан кейін кириллицаға көштік. Енді қайта латын әліпбиіне өткелі отырмыз. Алайда бұл кириллицадан басқа жаққа кетіп қалайық деген саясаттан шығып отырған жоқ», - деп түсіндірді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әліпбиді қазақ тілінің грамматикасы мен стилистикасын ескере отырып жасау керек екенін баса айтты. Өйткені қазіргі әліпбиімізге тілімізге керексіз әріптер енгізілген.
«Мысалы қазақта щ,я деген дыбыс жоқ. Японияны Жапония дейміз біз. Айыру, жіңішкелік белгісі, ч, ц деген жоқ. Оның барлығы қазіргі әліпбиімізде тұр. Пайдаланылмайды, пайдаланылса тілімізді бұзып жібереді», - деп түйіндеді Президент.