Баян Есентаева туған қызын неге жылатты?
2017 ж. 19 шілде
5456
3
Баян Мақсатқызының кіші қызы кітаптан алған әсерімен бөлісіп, анасы мен қарым-қатынасы туралы айтты. Айару әпкесіне қарағанда, анасына көбірек сенім артып, құрбылардай сырласады екен.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
“Өзім сезімтал адам болғандықтан, маған кітап өте қатты ұнады. Әсіресе, бесінші бөлім. Ұнап қана қоймай, мені жылауға мәжбүрледі. Ішінде жаңа ешнәрсе жоқ. Барлығы басымыздан өткен оқиғалар. Анашымның мен туралы жазғанына қуанып қалдым. Түрлі жақсы сөз айтылған-ды.
Анам екеуіміз құрбылардай сырласамыз. Ол менің өмірімдегі ең жақын адамым десем де болады. Әпкеме қарағанда, анашым жақынырақ. Ол да адам. Оған да қолдау қажет. Мен оған кез келген тақырыптағы сырымды айтып, толықтай сенім артамын”, – дейді Айару Бақытбек.
Күні кеше желіде продюсердің қызынан кешірім сұрап тұрған сәті таспаланған видео пайда болған-ды. Айару, расымен де, өзінің өте сезімтал жан екенін айтып жатыр.
Алдындағы видеоны көпшілік әзіл деп қабылдады. Арасында “Мәссаған, Есентаева өзінің қызынан кешірім сұрап жатыр” деп таңқалғандар да болды. Мен бар болғаны өте сезімтал адаммын. Қалыпқа келу үшін азғантай уақыт қажет.
Инстаграм парақшамда негізінен жарнамаларды бұғаттаймын. Қазір аса көп мән бермейтін болып кеттім. Бірақ, жеке өмірім мен ата-анама қатысты жазғандарды міндетті түрде бұғаттап отырамын. Арасында “Неге боянасың?” деп сынайтындар көп. Бұл менің терім. Не істесем де өзім білемін емес пе?!” – дейді Айару Бақытбек.
Дереккөз: kaz.365info.kz