Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді қорлап, көзіне шөп салатын
2017 ж. 19 шілде
19348
55
Әнші Алтынай Жорабаеваның туған інісі әнші Талғат әпкесінің отбасына қатысты ішіндегі жиналып қалған ойларымен бөлісті.
Ол Алтынай мен Сәбиттің ажырасуына байланысты соңдарынан ерген сөздерге нүкте қойғысы келеді. Әрі болған іске әпкесін айыптайтындарға Stan.kz арқылы мәселенің неден шыққанын түсіндіріп берді.
Әнші экс-жездесінің шаңырағы шайқалғанына Алтынайды кіналағанына ашулы.
«Сәбит пен Алтынайдың ажырасқаны рас. Оны жасырып қайтемін. Бірақ менің ашуыма тигені Сәбиттің әпкеме жасаған жауыздығы. Ол бір сұхбатында «Алтынай мені тастап кетті» деп айтыпты. Жұрт алдында байғұс болып көрінгісі келді ме білмеймін. Бірақ, оны барлығы тастап кететін әйел емес қой ол.Әйел адам «тастандымын» деп айтса жарайды. Ал жездемнің бұл тірлігі азаматтыққа жатпайды. Өткен жылы Алтынай үшін инфаркт алдым деп жар салды. Ал, негізі ол жүрекке қойылатын жай ғана стенд деп аталатын ота. Ол екінің біріне жасалады. Әйтеуір әпкемді елге жауыз етіп көрсету ғой мақсаты. Өз балаларыңның анасын сыртынан қаралағанша, жер басып жүруден бас тартқан дұрыс шығар. Ол ер азаматқа тән қылық емес »,-деп ашуланды Талғат Жорабаев. Төрт қыздың анасы Алтынай өзін түсінетін өнердегі інісіне талай мәрте отбасындағы түсініспеушілік жайлы айтқан екен. Себебі, күйеуі Сәбит Әбдіхалық оны талай мәрте жылатыпты.
«Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды ғой. Жездем Алтынайды жиі жылататын. Былайша айтқанда, «левый» жаққа көп баратын ғой. Шыдамның да шегі бар. Сондықтан әпкем онымен ажырасуға мәжбүр болды. Негізі Сәбитке өзімнен үлкен болса да отбасын сақтауға, әпкемді жылатпай, қыздарына қамқор болуын айтқам, сұрағанмын.Қазір әйел кісіні осылай қорлайтын адамдарға ашулымын. Тіпті ол кісіні көрсем қол жұмсап қоямын деп қорқамын. Тіпті кейде іздеп барып, сазайын бергім келеді»,-дейді Алтынай Жорабаеваның туған інісі Талғат Жорабаев. Бұған дейін Сәбит Әбдіхалық журналистерге «Алтынайдың өзі мені тастап кетті» деген болатын. Ал кеше ғана әнші Алтынай Жорабаева ажырасқаннан кейін өзін ыңғайсыз сезінетінін, құрбыларының күйеулерінен ұялып бұрынғыдай еркін жүре алмай қалғанын жазған еді.