Мейрамбек Беспаев өзі үшін орны ерекше суретін көрсетті (фото)
2017 ж. 09 шілде
8409
1
Мейрамбек Беспаев әлеуметтік желідегі парақшасына келіншегімен түскен суретін жариялап, тыңдармандарына отбасылық береке тіледі.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші келіншегімен осыдан 13 жыл бұрын бірге түскен суретті көрсетті.
“Отбасын құрып, шаңырақ көтеріп, ошақ жаққанымызға 13 жылдың жүзі болыпты. Отбасымыз аман болсын, ағайын!” – дейді әнші.
Желі қолданушылары да өз кезектерінде әншіні жарыса құттықтап жатты. “Мейрамбек балам, қосағыңмен қоса ағар. Алла денсаулық пен бақыт берсін!”, “Өмірлерің ұзақ болсын! Бақытты болыңдар”, “Бақытты да ұзақ ғұмыр кешіңдер”, “Үбірлі-шүбірлі болыңдар”, “Алла ұзағынан сүйіндірсін. Алла бақытты ғұмырды нәсіп етсін”, “Елге үлгі болып осы қалыптарыңнан таймай, жаңа қырларыңнан көрініп, елді қуанта беріңдер” деп жазады желідегілер.