Әзімбай Ғали: Орыстарға «сенің ұлтың – қазақ, тегің – орыс» дейтін боламыз
2017 ж. 07 шілде
3832
8
...Баяғыда министрлікте отырған бір досым маған: «Әзімбай, тіл мәселесін саясиландырудың қажеті жоқ. Тіл мәселесі сөздік пен оқулықтың мәселесі» деген. Рас, сөздік пен оқулық керек. Бірақ олар мәселенің 30 пайызын ғана қамти алады. Демек, мұнда мемлекеттің күші керек. Әкімшіліктің пәрмені керек.
Баяғыда сөздік болды ма? Мысалы, XIX ғасырда. Қазақстандағы орыстар түгел қазақша сөйлей бастаған. Олар сол күйі қазақ боп кетер еді патша үкіметі оларды күштеп сақтамағанда. Біз өзіміз де куәміз. Менің бес жасымда көршіміз орыстар болған. Әке-шешесі балаларымен қазақша сөйлесетін. Өйткені балалары толық түсінбейтін орыс тілін. Өйткені бізбен ойнайтын.
Сондықтан тіл мәселесін, отарсыздандыру мәселесін саясаттандыру керек. Оны билікке келудің құралы ету керек. Мысалы, қазақ мәселесін көтеріп, қазақша сөйлемеген билікке келе алмайтындай болуы керек. Соны ұғындырғанда ғана ішкі қажеттілік, қазақ тілін білуге деген қажеттілік күшейе түседі.
Біз жалпы, қазір саяси ассимиляцияны аяқтадық. Қазақстан егемен ел болғанда бұл елдің азаматтығын алғысы келмегендер кетіп қалды. Енді біз тілдік ассимиляцияны жүргізуіміз керек. Қазақша сөйлетуіміз керек бәрін. Сосын ұлттық ассимиляцияны жүргіземіз. Ол кезде қазақстандықтың бәрін қазақ деп атайтын боламыз. Мысалы, орыстарға «сенің ұлтың – қазақ, тегің – орыс» дейтін боламыз. Өйткені ол – заңдылык. Ресейдің ұлтшылдарының біразы қазір «тегім – украин»,« тегім – еврей» деп жүр..."
Әзімбай Ғали,