Димаштың Астанадағы алғашқы концертіне 30 мың көрермен жиналды
2017 ж. 28 маусым
2862
7
Димаштың Астанада өткен орасан зор "Bastau" музыкалық шоуына 30 мыңнан астам көрермен жиналды, - деп хабарлайды sputniknews.kz.
Кеш жүргізушілері эмоцияларын жасырмай, соңғы жылдары бірде-бір қазақстандық әншінің "Астана-Аренада" лық толы стадион жинамағанын атап өтті. Димаш Құдайбергенов Астанада алғашқы жеке концертін берді. Әнші 20-ға жуық ән орындады, олардың екеуі қытай тілінде, біреуі – француз тілінде (SOS d'un terrien en detresse).
Димаш "Дайдидау", сонымен қатар Майра Мұхамедқызымен орындаған "Аққуым" әнімен көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді.
"Ел мақтанышы және менің ұстазым! Қанша мақтасам да тыс аз болады", — деп таныстырды Димаш Майра Мұхамедқызын.
"Астана-Арена" сахнасында сондай-ақ Димаштың "I am a singer" шоуындағы бұрынғы қарсыласы қытайлық әнші Терри Лин өнер көрсетті.