БАЛАНЫ ИНТЕРНЕТ ЕМЕС, АТА-АНАСЫ ТӘРБИЕЛЕУІ КЕРЕК
2017 ж. 24 маусым
2483
0
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында балаларын гаджеттермен алдайтын ата-аналарды сынға алып, бұл әдеттің зиянды жақтарын ашып айтты.
«Біз қазір арнайы комитетпен балаларға ақпараттық қолжетімділікті шектеу бойынша заң жобасымен жұмыс істеудеміз. Осы орайда жеткіншектердің планшеттерге, айпадтарға және басқа да құрылғыларға қолжетімдігіне қатысты көп мәселелер бар. Балалар жастайынан кітап оқығанның орнына планшеттермен отырады. Ал жас ата-аналар баласы мазаларын алмас үшін бетінен қақпай сұрағанын береді. Балалар қолына берген құрылғымен таңнан кешке дейін отырады. Кейіннен бес жастағы баланың көзі нашар көретіндігі және басқа да проблемалары анықтала бастайды. Сонымен қатар ертең Денсаулық сақтау министрігі еліміздің заңнамасында тыйым салатын норманың жоқтығын алға тартатын болады», – деп атап өтті Н.Нығматулин. Өте дұрыс қойылған мәселе, бала тәрбиесіндегі осы бір кемшін тұстарды түзейтін уақыт жетті.
qazaquni.kz