Исраил Сапарбайдың ән байқауы жарияланды
2017 ж. 10 маусым
3809
2
Исраил Сапарбайдың республикалық
«ЕРКІНДІГІМ - ЕЛДІГІМ» ән байқауының
Қ А Ғ И Д А С Ы
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 жасқа толу мерейтойы аясында «ЕРКІНДІГІМ – ЕЛДІГІМ» атты республикалық ән байқауы 2017 жылғы 20-21 қыркүйек күндері Шымкент қаласында өтеді.
Байқаудың құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Байқаудың мақсаты
– И.Сапарбайдың шығармашылығын кеңінен насихаттау, дәріптеу;
– сазгер әндері арқылы елдің рухын биіктетіп, қазақ эстрадасының жаңа жарық жұлдыздарын іздестіру, дарын иелерін анықтау;
– олардың орындау шеберліктерін арттыру және жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету.
Байқаудың шарттары мен талаптары
Байқау тек автордың өз әндері /әні мен мәтіні/ бойынша өткізіледі.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
1) бірінші іріктеу кезеңі – үміткер орындайтын әндерін бейне немесе дыбыс таспаға түсіріп (MP3, MP4), Қағидада көрсетілген электронды пошта арқылы 2017 жылғы 25 тамызға дейін ұйымдастыру комитетіне ұсынады. Ұйымдастыру комитеті іріктеуден өткен үміткерлерге 2-ші кезеңге қатысу жөнінде хабар береді;2) екінші іріктеу кезеңі /Шымкент қаласында өтеді/;
3) үшінші ақтық кезең /жеңімпаздарды анықтау/.
Байқауға 18-35 жас аралығындағы жеке әншілер немесе ұжымдар (топтар) қатыса алады.
Үміткерлердің алған атағына, лауазымына шек қойылмайды.
Әр үміткер, немесе топ /дуэт, трио, квартет, т.б./ өз таңдауы бойынша /азаматтық-патриоттық, балалар әндері, махаббат лирикасы, романс, т.б./ сазгердің 2 әнін орындауы тиіс.
Екі ән де алдын-ала жазылған минус /-1/, немесе вокалды аспаптық, /фольклорлық, эстрадалык/ ансамбльдің сүйемелдеуімен табиғи дауыста орындалады.
Байқауға қатысушылардың іссапар шығындары (жатын орны, тамақтану, жол және т.б.) жіберуші жақ тарапынан өтеледі.
Жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы талапкерлердің:
– Өзгеше орындаушылық ерекшелігі мен айрықша шеберлігіне
– Әннің байқау аясы мен талабына сайма-сай екендігіне
– Музыкалық әрлеу-өңдеу мазмұндылығына /аранжировка/
– Сахнадағы вокалдық және актерлік орындау артықшылығына
– Үміткерлердің ішкі мәдениеті мен сыртқы сыр-сымбатының ортақ үйлесіміне баса назар аударады.
Жеңімпаздарды марапаттау
Берілетін жүлделі орындардың саны мен сыйақы мөлшерін қазылар алқасы ұйымдастыру алқасының шешімі бойынша жүзеге асырады.
Жеңімпаздарға Бас жүлде, I, II, III орындар, арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Бас жүлде – 500 мың теңге
Бірінші орын – 300 мың теңге
Екінші орын (екеу) – 200 мың теңге
Үшінші орын (үшеу) – 100 мың теңге
Ынталандыру сыйлықтары (төртеу) – 75 мың теңге
Жүлделерді тағайындау қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен ашық немесе құпия дауыспен қабылданады және хаттама толтырылады.
Қазылар алқасы белгіленген жүлделі орындарды өзгертуге немесе қатысушылар арасында бөлуге құқылы.
Байқауға мына құжаттар ұсынылады:
– жеке куәлігінің немесе төлқүжатының көшірмесі;
– қатысушының шығармашылық өмірбаяны;
– жолдаушы мекеменің ұсынысы;
– қатысушының өтінімі /үлгісі қоса беріледі/;
– 13x18 көлеміндегі екі дана түрлі-түсті фотосурет;
– байқауға ұсынылған әндердің тізімі;
– орындайтын әндердің MP3, MP4 таспасына жазылған нұсқасы.
Барлық құжаттар 2017 жылғы 4 қыркүйекке дейін мына мекен-жайда қабылданады: Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы. Инд. 160011, Шымкент қаласы, Орынбаев көшесі, 21 «А» үй.
Байланыс тел: /87252/ 53-07-18, факс 53-08-37 Электрондық пошта: ock_nt@mail.ru, +7 702 759 47 01
Байқауды ұйымдастырушылар
1. Оңгүстік Қазақстан облысы әкімдігі;
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы;
3. Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы.