Мейрамбек Беспаев келіншегінің өзіне ұнайтын қасиеті туралы айтты
2017 ж. 23 мамыр
11213
1
Мейрамбек Беспаев келіншегінің той-томалаққа әуес емес екенін айтты. Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузанда» бағдарламасында айтылды, – деп жазады stan.kz.
Соңғы кезде жұлдыздар тойға келіншектері мен жолдастарын бірге ертіп баратын болған. Олардың арасында Мейрамбек Беспаев та бар. Десе де, әншінің өзі Мархабат ханымды өзімен бірге сирек ертіп жүретінін айтады. Жұбайының өзі де той-томалаққа барғанды көп ұната бермейді екен.
«Мархабаттың өзі қайта-қайта тойға бара бергенді ұнатпайды. Тек өзіміздің өнер адамдары мен достарымыздың тойына бірге бардық. Ал гәстрөлдік сапарға, концерттерге қалмай келіп алу деген жоқ. Өйткені, үйде бала-шаға мен өзге де шаруалар бар», – дейді Мейрамбек Беспаев.