Гүлзира Айдарбекова: Қайрат Димаш бола алмайды, Димаш Қайрат бола алмайды
2017 ж. 22 мамыр
19751
76
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова "Астана" телеарнасындағы ">"Сырласу" бағдарламасында қонақта болып, өзі туралы, отбасы туралы, әнші Қайрат Нұртас туралы көптеген сұрақтарға жауап берді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Өз сөзінде продюсер бүгінді әлемді мойындатқан жас әнші Димаш Құдайбергеннің ешқашан Қайрат Нұртас бола алмайтындығын да айтып өтті.
- Димаш жас әнші, ол әлемді мойындатып жатыр. Бәріміздің қуанышымыз, көзайымымыз. Мен оның ата-анасын да жақсы сыйлаймын. Қайрат енді концерт бере бастап, Ақтөбеге барғанында бірден көмек бере қойған Димаштың папасы. Содан кейін мен ол кісіні жақсы көремін. Оның баласына да өз балама тілейтінді тілеймін. Бірақ екеуін салыстыруға мүлдем келмейді. Өйткені Димаш – конкурстың әншісі, оның даусы сұмдық керемет. Ал Қайрат конкурстың әншісі бола алмайды. Ол шыңғырып, неше түрліні жасамаған. Қайрат Димаш бола алмайды, ал Димаш Қайрат бола алмайды, - дейді Г. Айдарбекова.