Куба елшілігі еліміздің бас кітапханасына кітап тарту етті (ФОТО)
2017 ж. 11 мамыр
2324
0
Астана, 11 мамыр - 2017 жыл. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Куба Республикасының Қазақстандағы елшілігімен ресми кездесу өтіп, елшілік атынан кітапхана қорына бірнеше құнды кітаптар сыйға тартылды.
Бұл туралы кітапхана басшысы Ү. Мұңалбаева өзінің фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Кездесуге еліміздің бір топ зиялы қауым өкілдері, Куба Республикасының елшілігі, Испания елшіліктерінің өкілдері, Бразилия, Португалия, Қазақстан-Куба халықаралық достық қоғамының вице-президенті, жазушы-публицист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Бақытқожа Рүстемов, Жамбыл Ахметбеков сынды белгілі тұлғалар қатысты.
- Өздеріңізге белгілі, Куба мен Қазақстан арасындағы ұланғайыр достық сонау 1992 жылдардан бастау алады. Екі ел арасындағы рухани-мәдени, саяси, экономикалық және достық қарым-қатынас содан бері жалғасын тауып келеді. Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған мемлекеттердің бірі де осы Куба елі болатын, - дейді Ү. Мұңалбаева.